Алматыда қала күніне арналған видеоролик таныстырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Осы жылы Алматыда қала күні 21 қыркүйекке түсті.
Алматыда қала күніне арналған видеоролик таныстырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Осы жылы Алматыда қала күні 21 қыркүйекке түсті.
Мәдениет басқармасының мәліметінше, Алматыда бір ай ішінде Қала күніне арналған 40-тан астам шара өткен. "Жалпы есепте барлық шараға 300 мың адам қонақ болды. Қала күнін мерекелеуде бұл - рекордтық көрсеткіш", - деді мәдениет басқарасының баспасөз қызметі мамандары.
Бұл жылы Алматыда Қала күні негізгі үш алаңда тойланды. Тұңғыш Президент саябағында Apple Fest өтті. Алма базарына 40 фермерлік шаруашылық және бес кондитерлік цех пен фабрика өнімдерін әкелді. Мәдениет басқармасында бұл шараға ең аз дегенде 160 мың адам қатысқаны хабарланды. Ал өткен жылы 80-100 мың шамасында адам қатысқан.
Орталық мәдениет және демалыс саябағында "Менің шырайлы саябағым" ретро мерекесі өтті. Қала күні тойланып жатқан шараға қазақстандық эстраданың мэтрлері қатысты - Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Бағдат Сәмединова және аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобы. Сонымен қатар, сахнада Қазақстандағы "Тағдырлар тоғысында" тұңғыш телехикаясының актерлері бас қосты. Олар түсірілімге қатысу сәттерін еске алды. Мұнымен бірге, Алматыда Отшашу фестивалі өтті, оған Беларусь, Ресей және Қазақстан елдерінің өкілдері қатысты. Қазақстан атынан қатысқандар бұл фестивальдің жеңімпазы атанды. Бұл күні Алматыдағы Республика алаңына 50 мыңға жуық адам шықты.