12 тамыз 2014 18:57

Алматыда қала күніне орай "Дәм жәрмеңкесі" өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Алматыда қала күніне орай арнайы даярланған "Дәм жәрмеңкесі" өткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда қала күніне орай арнайы даярланған "Дәм жәрмеңкесі" өткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

21 қыркүйек күні Алматы тұрғындары қала күнін мерекелейді. Қала күнін атап өту үшін жылдағыдай биыл да Тұңғыш Президент саябағында AppleFest фестивалі ұйымдастырылады.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкелер легі де қала халқының белсенділігін және аспаздық салада кәсіп етіп жүргендердің әлеуетін арттыруға септігін тигізеді.

Биыл қала күнін мерекелеуге 100 мыңға жуық адам қатысады, - деп күтілуде. Мерекеге орай "Дәм жәрмеңкесін" Алматының орталық саябақтарының бірінде өткізу жоспарланып отыр. Жәрмеңкеге қатысушылар өз тауарларын арнайы сөрелермен дүңгіршектерге орналастыру арқылы саудаға шығара алады. Ал гүлзарлардың маңына жәрмеңкеге келген қонақтар тағамдардың дәмдерін татып көру үшін арнайы үстелдер қойылады.

Қала күніне орай Тұңғыш Президент саябағының аумағы сегіз интерактивті алаңқайға бөлінеді.

Мысалы, Apple Music фестивалі арқылы ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Концерт барысында классикалық шығармалармен бірге қазіргі заманның музыкаларына дейін орындалады.

Алматы саябақтарындағы Apple базарына яғни алма базарына әр облыстың фермерлері өз өнімдерін әкеле алады. Алма саудасына орайластырылып мұнда да дәстүрлі алма көрмесі ұйымдастырылады.

Шара барысында Apple драйв аймағы белсенді жастар үшін қызықты болмақ. Мұнда скейт-парк, роллер тәрізді спорт жабдықтарымен қоса диджейлер арқылы көңіл көтеруге болады. Сондай-ақ Apple Art алаңқайында қонақтар қазіргі заманға сай өнер туындыларын да тамашай алады. Apple Family алаңқайы балалардың көңілін көтеру үшін қызмет етеді. Мұнда түрлі ойындар, цирк қойылымдары көрсетіліп, алаңқайда балаларға арналған аттракциондар қойылады.

Еске салайық, өткен жылы қала күніне орайластырылған "Дәм жәрмеңкесінде" испан аспаз мектебінің шеберлері айрықша көзге түскен болатын. Бұл шараға былтыр Венгрия, Түркия Беларус және Франция елдерінің елшіліктері ат салысты. Олар биылғы жылы да жәрмеңкеге қатысуға шақырту алып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети