Салыстыру үшін: 2017–2018 жылдары елде 20 хайуанаттар бағы жұмыс істеген.
Санының азаюы заңнамадағы өзгерістерге де байланысты. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ауыл шаруашылығы және үй жануарларының көрмелерін қоспағанда, жанаспалы хайуанаттар бақтарының, жылжымалы аңдар парктерінің, жылжымалы океанариумдар мен жануарлардың жылжымалы көрмелерінің қызметіне тыйым салынды. Тыйым "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңмен белгіленген.
Сонымен қатар хайуанаттар бақтарындағы мәселелердің бірі - жануарларға қатыгездікпен қарау және келушілердің оларды тамақтандыруы.
Өткен жылы келушілердің басым бөлігі үш ірі қалаға шоғырланған. Алматыға 1,1 миллион келуші тиесілі болды - бұл ел бойынша жалпы санның 42,3 пайызы. Шымкентте бұл көрсеткіш 716,2 мың адамды, Астанада 517,4 мың адамды құрады. Жалпы алғанда, мегаполистердегі хайуанаттар бағы мен океанариумге келгендердің жалпы саны 89 пайызды құраған.