16 қаңтар 2017 10:13

Асқар Бисембиннің "Наурыз.kz" комедиясының трейлері шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде режиссер Асқар Бисембиннің "Наурыз.kz" комедиясының трейлері шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде режиссер Асқар Бисембиннің "Наурыз.kz" комедиясының трейлері шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фильмде Наурыз мейрамының қарсаңында болған бес қызықты оқиға көрсетіледі. Фильм идеясының және сценарийінің авторлары - Асқар Бисембин, Николай Пак және Василий Земзюлин. Ал продюсерлері - Алмас Сұлтанғазин мен Олег Головашкин. Сондай-ақ, фильмдегі басты рөлдерде Берік Айтжанов, Жанар Дұғалова, Анатолий Кренженчуков, Алдабек Шалбаев, Кентал, Айқын, Жанаргүл Жаныаманова, Саят Мерекеұлы, Данагүл Темірсұлтанова, Данил Волковинский, Екатерина Дзвоник, Жеңіс Омаров, Шәріп Серік, Еңлік Билялова, Саттар Ерубаев ойнайды.

"Картина маған өте ұнады. Шынымды айтсам, маған жұмыстарым әрдайым ұнай бермейді. Меніңше, мұндай фильмді көрсету керек. Картинада шынайы мейірімділік көрсетіледі. Көрермен осы киноны көрген соң, оның өмірі де өзгереді деп сенемін", - деді режиссер Асқар Бисембин.

Асқар Бисембин осыған дейін "Свадьба на троих", "Адель", "Замуж в 30" фильмдерін түсірген. Айта кетейік, фильм прокатқа 16 наурызда шығады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети