Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

"Асланның сабақтары" фильмінде басты рольде ойнаған Айдарбеков балалар үйінен қашып кетті

11 Шілде 2014, 11:47
0
Тимур Айдарбеков.
Тимур Айдарбеков.

"Асланның сабақтары" фильмінің басты ролінде ойнаған Тимур Айдарбеков балалар үйінен қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органдары балаға іздеу жариялап, тұспалдамалар таратты.

Айдарбеков шілденің басында хабар-ошарсыз кеткен. Ол жуырда табылды. Айдарбеков тәрбиеленіп жатқан Алматыдағы №2 балалар үйінің өкілдері жасөспірімнің бұған дейін де бірнеше рет ішкі тәртіпті бұзғанын, сондай-ақ, бірнеше рет мекемеден қашып кеткенін айтты. Полицейлер оны талай рет қайтып әкеліп беріп жүрді. Соңғы әрекетінен кейін соттың шешімімен Айдарбеков қиын жасөспірімдерге арналған сауықтыру орталығына жіберілді. Орталықтың мәліметінше, жеткіншек қызметкерлердің қатаң қадағалауында.

Айта кетейік, "Асланның сабақтары" фильмінде Тимур Айдарбеков 13 жастағы Асланның ролінде ойнаған еді. Картинадағы оқиға желісі бойынша сыныптастарының қорлығын көргеннен кейін баланың мінез-құлқында ауытқушылық басталады. Бала шамадан тыс тазалық пен дұрыстыққа ұмтылатын болады. Ал замандастарының әлімжеттігі оның басындағы жағдайды одан әрі ушықтыра түседі. Жас кинорежиссер Эмир Байғазин өз картинасында жеке тұлға мен қоғам ішіндегі оқшаулану тетіктері арасындағы қарама-қайшылықты бейнелейді. Оның басты кейіпкері қоғамға үн тастау үшін өзін-өзі тәрк етуге барады. "Асланның сабақтары" ("Уроки гармонии") әлемнің 60-тан астам кинофестиваліне қатысып, 25-тен астам жүлдені жеңіп алды. Ол қазіргі қазақ киносындағы ең табысты туынды болып тұр.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай