06 қыркүйек 2021 20:30

Атақты актер Жан-Поль Бельмондо қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жан-Поль Бельмондо Жан-Поль Бельмондо

Атақты актер Жан-Поль Бельмондо қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. Француз басылымдарына хабарды оның адвокаты естірткен.


Атақты актер Жан-Поль Бельмондо қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. Француз басылымдарына хабарды оның адвокаты естірткен.

Актер 88-де еді.

Жан-Поль Бельмондо 1933 жылдың 9 сәуірінде Францияның Нёйи-сюр-Сенінде дүниеге келген. 

Француз актері "На последнем дыхании" (1959) фильмінде Хамфри Богарттың жанкүйері ролімен танылған. Алғашқы картиналарында ол бүлікшіл жастың образын жасап, қайталанбас харизмасымен еуропалық жастардың сүйікті актеріне айналған. Көбінесе комедиялар мен экшн-фильмдерде ойнаған.

2001 жылы инсульттан кейін Бельмондо актерлік жолын тоқтатқан, бірақ 2008 жылы ол оралып, Франсис Юстердің "Человек и его собака" фильмінде ойнаған еді. 2015 жылы ол кинодағы мансабы аяқталғанын жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети