Сергей Дворцевойдың "Айка" атты фильмі Қазақстан атынан "Шетелдік үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскар" жүлдесінің лонг-листіне кірді. Бұл туралы жүлденің сайтында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы санат бойынша "Оскар" жүлдесінен үміттілердің қатарында Константин Хабенскийдің - "Собибор", режиссер Дарья Жуктың белорустік лентасы - "Хрусталь", украиналық режиссер Сергей Лозницаның - "Донбасс" фильмі , қытай режиссері Цзян Вэннің Hidden Man фильмі бар.
Жүлдеден үміттілердің қатарына кіретін бес картинаның аты 22 қаңтарда айтылады, жүлде 24 ақпанда "Оскардың" 91-нші салтанатында табыс етіледі.
"Айка" фильмі қырғызстандық қыздың өмірін суреттейді, ол Мәскеуде астыртын жұмыс істеп, өмір сүреді. Күтпеген жерден жүкті болып қалған ол баласын перзентханада тастап кетеді. Уақыт өте келе оның аналық сезімі оянып, Айка тастап кеткен ұлын іздей бастайды.