27 ақпан 2020 12:04

БАҚ Джеки Чан коронавирус жұқтырды деген хабар таратып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Jason Lee © REUTERS/Jason Lee

Гонконг актері Джеки Чан коронавирус жұқтырды деген қауесет тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Гонконг актері Джеки Чан коронавирус жұқтырды деген қауесет тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шетелдік БАҚ-тардың көбі Джеки Чан Гонконгте жабық кешке барған соң актердің және басқа да қонақтардың карантинге жіберілгенін айтады.

21 ақпанда Гонконг полициясы кеште болған 59 офицердің карантинде екенін растаған. Олар вирусты 48 жастағы әріптесінен жұқтырған, ол да сол кеште болған-мыс.

8Days мәліметінше, Джеки Чан вирус жұқтырды деген мәлімет шындыққа жанаспайды.

"Джеки Чан мен полиция комиссары бір кеште болған жоқ, олар екі түрлі кеште болды", - деп жазады БАҚ.

Осыдан кейін жүргізілген зерттеулер олардың екі түрлі іс-шарада болғанын көрсеткен. Вирус жұқтырған офицер Гонконгтың батысында орналасқан мейрамханада болса, Джеки Чан достарымен бірге сол маңдағы клубтардың бірінде болған делінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети