26 қазан 2015 13:35

"Бастау" кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Студенттік және дебюттік кинолардың халықаралық "Бастау" фестивалінің жеңімпаздары жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Студенттік және дебюттік кинолардың халықаралық "Бастау" фестивалінің жеңімпаздары жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кинофестивальдің гран-приі қырғызстандық Аман Әжіматтың "Физрук и золото" атты деректі картинасына бұйырды. Фильм дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің өмірі жайында, олар күнде жұмыстан кейін алтын қазып, ақша табады. Режиссер 12 жылдан бері алтын қазып ақша тауып жүрген мұғаліммен таныс. Бұл жас кинематографистің халықаралық кинофестивальде алған тұңғыш жүлдесі.

Ал үздік фильм деп ресейлік Яна Скопинаның "Ты что-то прячешь в кулаке" атты жұмысы танылды. Сонымен қатар, бұл лента "Студенттік жюри гран-приі" номинациясын жеңіп алды, оның құрамында Әлішер Әбдісаттаров, Олжас Ермекбаев, Бегімай Мөкеева, Эмма Хэллебау мен Өтеген Назира бар. Яна Скопинаның өзі Алматыда туылғанын және туған жеріне 10 жылдан бері келмегенін айтты. Ол кинофестиваль үшін және туған қаласына келуге мүмкіндік бергендері үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

"Ер адамдар арасында үздік роль" Әділ Молдабековке бұйырды, ол режиссер Саят Ахметшәріптің "Супермент" фильмінде басты рольді сомдаған. Әйелдер арасында бұл жүлде Жанна Раз Борерге берілді, ол "Ничто не растет в тени" (Израиль) фильмінде ойнаған.

Үздік деректі фильм - "Земляк", режиссер Анастасия Зверькова (Ресей);
Үздік анимациялық фильм - "Долесу", Алена Ребезова (Ресей);
Үздік сценарий - "Доктор", Анна Гороян (Ресей);
Үздік операторлық жұмыс - "Кукла", Диана Авхадиева, оператор - Артем Садовников (Ресей);
Жюридің арнайы сыйлықтары екі фильмге берілді: "Махаббат", Ратмир Назаров (Қазақстан) және "Настя", Кирилл Плетнев (Ресей).

Әділ қазылар алқасының құрамында атақты кинематографтар болды - Виктор Мережко, Анна Вильгельми, Ерлан Нұрмұхамбетов, Макс Джейкоби және актриса Анастасия Макеева.

Сонымен қатар, қысқа метражды фильм түсіруге арналған бір миллион теңгенің грантына байқау жарияланып, оны "Один день" жобасы үшін Маржан Жамбекова мен "На слуху" жобасы үшін Лейла Тогас ұтып алды. Іріктеуші жюридің төрағасы қоғам қайраткері Мұрат Әуезов болды.

"Бастау" директоры Сергей Азимов

Әділ қазылар алқасының мүшесі Макс Джейкоби

Әділ қазылар алқасының төрағасы Виктор Мережко

Айта кетейік, биыл фестиваль бағдарламасына іріктеуден кейін киномектеп студенттерінің 60 жұмысы кірді. Байқау картиналарының көрсетілімі бес күнге созылды. Сонымен қатар, "Бастау" шеңберінде байқаудан тыс бағдарлама өтті, онда украиналық киноға шолу жасалып, Jameson First Shot үздік жұмыстары көрсетілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети