15 қазан 2014 11:24

Байғазин Сан-Паулудағы халықаралық кинофестиваль қазылары құрамына енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эмир Байғазин. Фото жеке мұрағатынан Эмир Байғазин. Фото жеке мұрағатынан

Қазақстандық режиссер Эмир Байғазин Сан-Паулудағы 38-ші Халықаралық кинофестивальдің қазылар алқасы құрамына кірді. Кинофестиваль 2014 жылдың қазан айының 16-29 аралығында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық режиссер Эмир Байғазин Сан-Паулудағы 38-ші Халықаралық кинофестивальдің қазылар алқасы құрамына кірді. Кинофестиваль 2014 жылдың қазан айының 16-29 аралығында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық режиссер танымал алты кинематографиспен бірге фестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасының ең үздік фильмін таңдайды. Эмир Байғазин таңдауды Францияның ұлты дат продюсері Марианна Слотпен бірге жасайды. Мариана көп жылдан бері Ларс фон Триермен бірге жұмыс істейді. 

Бразилиядағы халықаралық фестиваль 1977 жылдан бері өтіп келеді. Фестивальде әлемнен жиналған 400 картина көрсетіледі. Испан кинорежиссері Педро Альмодовар мен Виктор Эрис фильмдерінің ретроспективасы, сонымен қатар, авторлық кинематографияға маманданған МК2 француз кинокомпаниясының фильмдері ұсынылады.

Еске сала кетейік, 2013 жылы Сан-Паулудағы Халықаралық кинофестивальде Эмир Байғазин түсірген "Қазақфильм" киностудиясының өнімі "Асланның сабақтары" бас жүлдеге лайық болған еді. Сонымен бірге, фильм сыншылардың ерекше ықыласына бөленді. Эмир Байғазин бұған дейін Локарнодағы және Алматыдағы кинофестивальдерде қазылар алқасы құрамына кірген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети