Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Байғазиннің жаңа жобасы Хуберт Балс қорының қолдауына ие болды

14 Қазан 2014, 19:49
0

"Асланның сабақтары" фильмі бойынша танымал қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің жаңа жобасы Хуберт Балс атындағы беделді нидерланд қорының 11 жеңімпазы қатарына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Эмир Байғазин "Жаралы періште" жобасы үшін 10 мың еуро көлемінде грант ұтып алды.

Хуберт Балс қоры Роттердам халықаралық кинофестивалінің бастамасымен 1989 жылы ашылған. Қор дамушы елдердің жаңашыл және дарынды кинематографтарын қолдау мақсатында құрылған. Қор құрылған кезінен бастап Африка, Азия, Латын Америкасы, Орта Шығыс және Шығыс Еуропа елдерінің мыңнан аса жобасын қолдаған. 2014 жылы рекордтық мөлшерде өтініш берілген. 464 жобаның тек 11-і ғана қор қолдауына ие болды.

Айта кетейік, өткен жылдың тамыз айында Байғазиннің жаңа жобасы Берлин халықаралық кинофестивалі жанындағы "Берлинале резиденциясы" беделді бағдарламасының стипендианты атанған. Сонымен бірге "Жаралы періште" ARTE  ХІ Берлин кинонарығы барысында  неміс-француз телеарнасының Халықаралық сыйлығына ие болды. Жақында ол Сараеводағы Халықаралық фестивальдің Work in Progress секциясында басты сыйлықты жеңіп алған еді. Жоба продюсері Бейбітжан Мүслімов пен Анна Вильгелми ("Казақфильм" АҚ) және Capricci Films француз кинокомпаниясы.

"Жаралы періште" - жасөспірімдер мәселесі жөніндегі трилогияның екінші бөлімі. "Мен жасөспірімдер туралы немесе мектеп өмірі жайлы фильм түсірмеймін, бұл барынша әмбебап ойларды жеткізудің құралы. "Асланның сабақтары" фильміндегі негізгі оқиғалар мектеп қабырғасында түсіріліп, баяндалса, ал "Жаралы періштедегі" оқиғалар демалыс күндері өтеді", - деді Эмир Байғазин.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай