Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Кино

"Бизнес по-казахски" фильміне түскен үнді актері қайтыс болды 03 қыркүйек 2021, 08:35

2 қыркүйекте танымал үнді актері және атақты модель Сидхарт Шукла Мумбайда қайтыс болды. Ол небәрі 40 жаста еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© instagram/realsidharthshukla © instagram/realsidharthshukla

2 қыркүйекте танымал үнді актері және атақты модель Сидхарт Шукла Мумбайда қайтыс болды. Ол небәрі 40 жаста еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Hindustan Times басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, таңертең актер инфаркттан кейін ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.

"Өлімнің алдын-ала себебі - инфаркт. Аутопсиядан нақты себебін анықталады", - деді аурухананың сот-медициналық бөлімінің дәрігері.

Актердің қайтыс болуы туралы жаңалық теледидар мен Болливуд индустриясының атақты адамдарына қатты соққы болды. Актердің әріптестері мен жанкүйерлері оны еске алып, әлеуметтік желіде жазба жариялап жатыр.

Сидхарт Шукла 1980 жылы 12 желтоқсанда Мумбайда дүниеге келген. Мансап жолын модель ретінде бастаған. 2005 жылы Түркиядағы "әлемнің үздік моделі" байқауында ол Үндістан атынан шығып, Азия, Латын Америкасы және Еуропадан келген 40 сайыскерден басым түсіп, титулды жеңіп алған алғашқы үнді, сондай-ақ алғашқы азиялық болған еді.

2008 жылы кинода дебют жасаған. " "Я - любовь", "Невеста", "Воин", "Бизнес по-казахски" фильмдеріне түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram
Доллар бағамы өсті