17 қараша 2022 10:00

Бүйрек, әлде махаббат: "Донор" фильмі 17 қарашадан бастап прокатқа шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуандық Шәкіржанов пен Баян Алагөзова медицина тақырыбына жақын "Донор" фильмінде басты рөлдерді сомдады. Бұл "Күшiк құда – Квартиранты" отбасылық мелодрамасы арқылы көпшілікке танымал болған Dastan Media компаниясының екінші толықметражды фильмі.


Қуандық Шәкіржанов пен Баян Алагөзова медицина тақырыбына жақын "Донор" фильмінде басты рөлдерді сомдады. Бұл "Күшiк құда – Квартиранты" отбасылық мелодрамасы арқылы көпшілікке танымал болған Dastan Media компаниясының екінші толықметражды фильмі.

Туындының бірегей сюжеті трансплантология емханасында кездейсоқ кездескен Жарқын мен Раушанның қарым-қатынасы аясында өрбиді.

Жарқын (Қуандық Шәкіржанов) – жасөспірім қызды тәрбиелеп отырған тұл қалған еркек. Оны өмір бойы жұмыс істеп келген кәуапханадан жұмыстан шығарады. Жарқын қызы оқуын жалғастыру үшін шұғыл ақша табу керек. Шарасыз қалған әке нар-тәуекелге баруға дайын: бүйрегін сатпақ.

Бүйрек паң бизнесвумен Раушанға қажет (Баян Алагөзова). Дәрігерлер әйелге қатерлі үкім шығарды: егер бірнеше айдың ішінде оған жаңа бүйрек ауыстырып салмаса, Раушан өмірімен қош айтыспақ.

"Екінші фильмімізге "Күшiк құда – Квартиранты" фильмінің актерлік құрамын қатыстыруды қаладық. Сценарий жазатын авторлармен хикая жөнінде ұзақ толғанып, кейіпкерлеріміз ерекше жағдайда қалуы тиіс деп шештік. Шешім қабылданған бойда басты рөлдерді кім сомдайтыны да бірден айқындалды", - деп бөлісті фильмнің бас продюсері және сценарийін жазған авторлардың бірі Дастан Қалдыбаев.

Фильмге Санжар Мәди мен Азат Сейітметов те түсті. Режиссер міндетін Дархан Сәркенов өз мойнына алса, ал кадрдағы көрініс үшін – отандық операторлардың бетке ұстарларының бірі, атақты Шерхан Тансықбаев жауап берді.

"Бұл адам ағзаларын алмастыру туралы оқиға емес. Бұл адамдар туралы хикая: жақындарымыздың өмірі мен амандығына қатер төнгенде, небір әрекетке баратынымыз жайлы. Бұл махаббат хикаясы: оны өзіміз таңдаймыз ба, әлде біз үшін таңдау жасайтын тағдыр ма", - деп бөлісті режиссер Дархан Сәркенов.

Сценарий жазу үшін бір жарым ай жұмсалды. Авторлар тобы Қуандық Шәкіржанов пен Баян Алагөзованың мінездерін негізге ала отырып, "мүлде бөлек, екі түрлі жанды не байланыстыруы мүмкін?" деген сауалға жауап іздеді.

"Бұл үшін бұлтартпас себеп қажет деп, Жарқын Раушанның доноры болады деп шештік. Шын мәнінде туындыда үлкен бір мәселе көтеріледі – кемел жастағы адамдардың жалғыздығы. Жарқын – өмір бойы қызын жалғыз тәрбиелеп келе жатқан жалғызбасты әке. Раушан – бүкіл өмірін жұмысына арнаған жалғызбасты әйел. Отбасын қай жаста да құруға болатынын көрсеткіміз келеді", - деді туындының сценарийін жазған авторлардың бірі Рысқұл Қонакбаев.

Фильмнің түсірілімі 23 күнге созылды және Алматының айналасында өтті.

"Фильмдегі оқиғалардың басым бөлігі бір жерде – Раушанның үйінде өтеді. Түсірілімге ұсынылған үйлердің барлығы басқа фильмдер мен телехикаяларда көрсетілген. Біз өжет, мақсатшыл, арманшыл бас кейіпкерімізді де сипаттай алатын мүлде жаңа үй табуға тырыстық. Бізге ішкі безендіруде ақ түстер мен табиғи заттар қолданылған, әдемі бағы бар үй қажет болды. Мұндай үйді біз Қырғауылды ауылынан таптық", - деді туындының атқарушы продюсері Рауан Шуақбаев.

Ауқымды кинотеатрлық көрсетілімге "Донор" фильмі 2022 жылдың 17 қарашасында шығады.

Естеріңізге сала кетейік, Dastan Media компаниясының алғашқы толықметражды "Күшiк құда – Квартиранты" отбасылық комедиясы кинотеатрларда биыл көктемде көрсетіліп, қазақстандық кинопрокаттың көш басына шыққан болатын. Фильмнің тұтас бокс-офисі 500 миллион теңгеден асты. Кинотеатрлық релиз аяқталмай жатып, фильмнің эксклюзивті құқығын Ресейдің ең ірі онлайн-кинотеатрі КиноПоиск сатып алды.

"Күшiк құда – Квартиранты" мелодрамасының онлайн-релизі 7 сәуірде басталып, ауқымды жарнамалық кампания жүргізілді.

"Донор" фильмінің құқығын сатып алу жөніндегі ұсыныстар жаздың ортасында бірнеше стримингтен келіп түсті. Біздің бұл туындымыздың да көрсетілімі сәтті өтетініне сенімдімін", - деп бөлісті Dastan Media компаниясының бас пролюсері Дастан Қалдыбаев.

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети