14 шілде 2016 15:43

Біз өз тарихымызды нашар білеміз, сондықтан біреулерге еліктеуді қоймаймыз - Ермек Тұрсынов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның белгілі кинорежиссері Ермек Тұрсынов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында өмірдің мәні, адамгершілік құндылықтар жайлы ойын айтып берді. Оның айтуынша, қазақстандықтар еліктеуден арыла алмай келеді екен. 


Қазақстанның белгілі кинорежиссері Ермек Тұрсынов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында өмірдің мәні, адамгершілік құндылықтар жайлы ойын айтып берді. Оның айтуынша, қазақстандықтар еліктеуден арыла алмай келеді екен. 

"Қазір кино түсіретіндер мен кітап жазатындар көбейіп кетті. Бірақ біз өзіміздің тарихымызды нашар білеміз. Сондықтан біреулерге еліктеуді қоймаймыз. Мысалы, қазақ қыздары көйлекті Парижден тіктіретін болыпты. Бірақ солар сол жақтан тіктірген көйлегін қазақшалап киіп алады. Біз әлі де біреудің ролінде жүрміз, әлі де біреуге ұқсағымыз келеді. Біз іштей әлі де балалық шақта жүрген сияқтымыз. Біз бұл түрімізбен ешқашан өспейміз, дамымаймыз. Кейбір әкімдер тіпті велосипедке отырып жатыр. Олар бұл үрдісті, ұмытпасам, Лондон мэрінен бе, басқадан ба, көріп алған. Бұл біз үшін қалыпты көрініс болса бір басқа. Бірақ қазір ол бір сәнге айналғандай. Егер бұл біз үшін қалыпты жағдай болса, үйлесімді көрінер еді. Бұл бір жаңалық ретінде қабылданбайтын еді. Ал бізде бұл бүтін бір жаңалық қой", - деп ойын айтты Ермек Тұрсынов.

Оның айтуынша, адам өзін-өзін тәрбиелеп, адамгершілік қасиеттерді жоғалтпауы тиіс. "Бұл шіркеуге немесе мешітке бару дегенді білдірмейді. Сақал өсіруді немесе жұма сайын садақа беруді де білдірмейді. Бұл ритуалды жағы. Оны дұрыс түсіну керек. Бастысы алдаудың қажеті жоқ. Өтірік айтпау керек", - дейді кинорежиссер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети