Чип пен Дейл үлкен экранға қайтып келмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чип пен Дейл үлкен экранға қайтып келмек multiki-kartinki.narod.ru сайтынан

Hollywood Reporter хабарлауынша, диснейлік Чип пен Дейл жаңа анимациялық фильмнің кейіпкерлеріне айналады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл жобаны Mandeville студиясы жүзеге асырмақ. Жаңа анимациялық фильм балалардың көзайымына айналған "Чип пен Дейл көмек беруге асығады" мультсериялының негізінде түсірілмекші. Жобамен жұмыс барысында "Элвин және боршатышқандар" картинасының түсіріліміндегі технологиялар пайдаланылады. Фильмде анимациялық кейіпкерлермен бірге нағыз актерлер де ойнайды. Чип пен Дейлдің шытырманға толы оқиғасын экранға шығаруды Mandeville студиясы жарнама роликтерінің режиссері Роберт Руганға сеніп тапсырып отыр. Картина нақты қай уақытта экранға шығатыны әзірге белгісіз. Алғаш рет Чип пен Дейл 1943 жылы "Қатардағы Плуто" мультфильмінде шыққан болатын. Аталған кейіпкерлер 1989-90 жылдары түсірілген "Чип пен Дейл көмек беруге асығады" мультсериалынан кейін үлкен танымалдыққа ие болған еді. Бүгінге дейін мультсериалдың 65 сериясы көрсетілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети