01 наурыз 2016 17:33

Ди Каприо "Оскар" мүсіншесін мейрамханада ұмытып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Күні кеше ғана "Оскар" жеңіп алған Леонардо Ди Каприо мүсіншесін мейрамханада ұмытып кетті, - деп хабарлайды TMZ тілшісі. Басылым тілшілері Голливуд актерінің жеңісті қалай тойлағанын түсіріп алған.


Күні кеше ғана "Оскар" жеңіп алған Леонардо Ди Каприо мүсіншесін мейрамханада ұмытып кетті, - деп хабарлайды TMZ тілшісі. Басылым тілшілері Голливуд актерінің жеңісті қалай тойлағанын түсіріп алған.

Ди Каприо мен оның әріптестері жеңісті Лос-Анджелестегі Ago мейрамханасында атап өтті. Мейрамханадан көшеге шыққан актер бірнеше адаммен автомобиліне қарай қозғала жөнелген. Осы кезде мейрамханадан мүсіншені ұстаған бір адам жүгіріп шығып, оны Ди Каприоға бермекші болады.

Xpose мәліметінше, ер адам актерге қарап: "Сіз мынаны өзіңізбен алып кеткіңіз келмей ме?", - деп сұрады статуэтканы көрсете отырып. Голливуд жұлдызы оған "Оскарды" қасындағылардың біріне беруді тапсырды. Осыдан кейін актер тығындаулы бөтелкені алып, машинаға отырып кетті.

Айта кетейік, 41 жастағы актер Леонардо Ди Каприо Америка киноакадемиясының жүлдесін жеңіп алған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети