01 желтоқсан 2016 13:34

Диснейдің тағы бір туындысы қазақ тіліне аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында "Моана" мультфильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының алдын ала көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Астана, Алматы және Шымкент қалаларында "Моана" мультфильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының алдын ала көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекеттік тілде дыбысталған мультфильм қиял әлемде өмір сүретін 14 жастағы Моана өзінің ойындағы ертегі кейіпкері Мауиді іздеу үшін мұхитқа саяхаттайды. Бұл оқиға шамамен 2000 жыл бұрын Тынық мұхитындағы аралдарында болады. 

Айта кетейік, фильмді дубляждауға танымал әншілер мен актерлер тартылған. Олардың арасында Мақпал Исабекова, Бүркіт, Лидия Қаден мен басқа да әншілер мен актерлер бар. Ал дубляждың режиссері Рита Әбішева болса, музыкалық орындаушысы - Күнімгүл Борамбаева. 

"Моана" фильмі Уолт Дисней студиясында түсірілген 56-мультфильм екен. Бұл мультфильмді түсіруде режиссерлер Рон Клементс пен Джон Маскер жұмыс істеген. Олар бұдан бұрын "Су перісі", "Аладдин", "Геркулес" пен "Ханша мен Бақа" мультфильмдерін де түсірген екен. Disney "Моанасының" ағылшын тіліндегі нұсқасын Аулии Кравалхо (Моана), қаһарман образын сомдап жүрген Дуэйн Джонсон (Мауи) дыбыстаған. Сонымен қатар, Джемейн Клемент (Таматоа), Рэйчел Хаус (Тала), Темуэр Моррисон (Туи), танымал әнші Николь Шерзингер (Сина) дыбыстаушылар тізіміне енген.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети