Джеки Чанның ұлы Джейсиді есірткіге байланысты құқық бұзғаны үшін алты айға түрмеге қамау туралы үкім шықты, - деп хабарлайды BBC News. Ол өзіне тағылған "есірткі қолданғандарды жасырды" деген айыпты мойындады. Енді ол жарты жыл түрмеде отырудан бөлек 2000 юань немесе 322 доллар айыппұл төлеуі тиіс. Айта кетейік, Джеки Чанды 2009 жылы ҚХР Ұлттық комиссиясының елшісі есірткі айналымын бақылау полицейі етіп тағайындаған болатын.

Полиция боевик жұлдызының 32 жастағы ұлын тамыз айында тұтқындады. Джеки Чанның ұлының үйінен 100 грамнан аса марихуана табылды. Джейсимен бірге 23 жастағы Тайвань актеры Кай То да тұтқындалды. Тексеру кезінде екеуінің де қанында марихуана бар екені анықталды. Ко есірткіні қолданғаны үшін әкімшілік қамаудың 14-інші күнінен кейін босап шықты. Бірақ Джейси мұндай жазамен құтыла алмады, себебі оған тағылған "есірткі қолданғандарды жасырды" деген айып, жеңіл қылмыс түріне жатпайды. Мұндай қылмыс түріне ең ұзағы үш жыл беріледі. Бұған дейін 59 жастағы Джеки Чан ұлының істегендері үшін қатты ұялатынын айтқан болатын.
Джеки Чан атыс-шабыс фильмдер кейіпкері ретінде аса танымал, сонымен қатар ол өзін әнші, каскедер, кинорежиссер, продюсер, сценарийші, әскери көріністер мен трюктерді қоюшы, филантроп, ЮНИСЕФ-тің ерікті елшісі және жауынгерлік өнердің шебері ретінде таныта білді.