Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Джеки Чанның ұлы Бейжіңде есірткімен ұсталды

18 Тамыз 2014, 17:45
0

Белгілі актер Джеки Чанның ұлы Джейси Бейжіңде есірткімен ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости Қытай бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Онымен бірге Тайвань киноактері Кэ Чженьдун да ұсталды.

Джеки Чанның ұсталуына қатысты толық мәлімет жоқ. Актер мен оның ұлының ресми аккаунттарына 12 тамыздан бері хабарлама жазылмаған. 32 жастағы актер Джейси 1982 жылы 3 желтоқсанда Лос-Анджелесте туған. Джейси актерлік шеберлікті, би өнері мен классикалық гитарада ойнауды меңгерген. Ол - Kangta Shoes, Cardanro және Coca Cola компанияларының өкілі.

Еске сала кетейік, Джеки Чанның өзі оңтүстіккореялық JJCC тобына продюсерлік етеді. Орындаушылардың дебют альбомы 2014 жылдың 24 наурызында шықты. Музыканттар келешекте актердің фильмдеріне түсуі мүмкін. JJCC ұжымы төрт корей мен бір қытай жігітінен құралған.

59 жастағы Джеки Чан - атыс-шабыс фильмдердің актері, әнші, каскадер, режиссер, продюсер, сценарист, трюк қоюшы, филантроп, ЮНИСЕФ қорының ізгілік елшісі, ұрыс жекпе-жегінің шебері. Джеки Чанның 20 әнжинағы бар. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай