31 шілде 2015 16:38

Джулия Робертс жолдасымен ажырасқалы жатыр - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дэнни Модер мен Джулия Робертс. © REUTERS Дэнни Модер мен Джулия Робертс. © REUTERS

Голливуд актрисасы Джулия Робертс пен оның жолдасы оператор Дэнни Модер ажырасқалы жатыр, - деп жазады Hollywood Life. Бұл жұп 13 жыл бірге тұрған.


Голливуд актрисасы Джулия Робертс пен оның жолдасы оператор Дэнни Модер ажырасқалы жатыр, - деп жазады Hollywood Life. Бұл жұп 13 жыл бірге тұрған.

Басылымның мәліметінше, ажырасу туралы өтінішті Модер берген. Ол жұбайының қызба мінезділігіне көңілінің толмайтынын айтқан, айтуынша ол жанжал шығарып, бір минуттан кейін кешірім сұрайды. Сонымен қатар, ол Джулия Робертстің барлығын өз дегенімен істейтініне наразы екенін мәлімдеді. "Дэнни олардың қарым-қатынастарының адал әрі серіктес болудан қалғанын сезеді", - деп келтірді басылым Модердің сөзін.

Сонымен қатар, актрисаны ажырасуға итермелеген себептердің арасында оның анасы мен әпкесі қайтыс болғанда жолдасының қолдау көрсете алмағандығы бар. Алайда Модер ол сәтте жұбайының қасында болып, қолдау көрсетуге тырысқанын айтып отыр. Айта кетейік, бұл жұп ажырасқаннан кейін актриса байлығының белгілі бір бөлігінен айырылуы мүмкін, ол 225 миллион долларға бағаланды. 

Айта кетейік, Джулия Робертс пен Дэнни Модер "Мексикалық" фильмінің түсірілімі кезінде танысқан және 2001 жылдан кездесе бастады. Бір жылдан кейін ғашықтар үйленді. Бұл жұп үш бала тәрбиелеп отыр - қыздары Хэзел Патриша мен ұлдары Финнеас Уолте мен Генри Даниэл. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети