15 наурыз 2017 17:11

Елімізде "Сұлу мен Құбыжық" даулы фильмін балаларға көрсетуге тыйым салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильм кадры Фильм кадры

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Билл Кондонның "Сұлу мен Құбыжық" даулы фильмін балаларға көрсету-көрсетпеу мәселесін шешіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Билл Кондонның "Сұлу мен Құбыжық" даулы фильмін балаларға көрсету-көрсетпеу мәселесін шешіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Меломан" компаниясынан кеше, 14 наурызда түстен кейінгі уақытта өтініш келіп түсті. Фильмнің атышулы болғанын есепке алып, фильмнің таныстырылымына министрлік қызметкерлері қатысады, олар көріп шыққаннан кейін шешім шығарады, - деді Жаманқұловтың ісі бойынша соттың үзілісінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Күміс Сейітова.

Сейітованың айтуынша, фильмнің ұсынылған аннотациясында министрліктің прокат куәлігін беруден бас тартуына себеп болатын көріністер жоқ.

"Компания өкілдерінің айтуынша, фильмде эротикалық және басқа көріністер жоқ. Олардың пікірінше, Ресей бұл фильмге 16+ индексін фильм кейіпкерлерінің қатты айғайлап, балаларды қорқытып алуы мүмкін болғандықтан ғана берген. Осы себептен ғана. (...) Бүгін көреміз, сосын ғана прокат куәлігін қандай индекспен беретінмізді шешеміз", - деді шенеунік.

Қазақстанда Билл Кондонның "Сұлу мен Құбыжық" мюзиклінің таныстырылымы 16 наурызда өтеді. Кинотеатрлар кестесін ұсынатын танымал сайттың мәліметінше, фильмді 12 жастан асқандар көре алады, фильмнің индексі: "БА" (12 жастан асқан балаларға ғана көруге рұқсат берілген фильмдер). Фильмде басты рөлдерде Эмма Уотсон мен Дэн Стивенс ойнайды. Лентада Юэн Макгрегор және Эмма Томпсон ойнайды.

Наурыздың басында ресейлік БАҚ-тар мюзиклде гомосексуалист кейіпкер пайда болады деп хабарлаған. Бұл Disney киностудиясының гомосексуалистердің қатынасын көрсететін тұңғыш фильмі. 

Кондонның айтуынша, ЛеФу (Джош Гэд) деген кейіпкер гомосексуалист болады. Ол фильмнің басты антагонисі Гостонның (Люк Эванс) көмекшісі. "ЛеФу - бастапқыда Гастон болғысы келген, ал кейін Гастонды сүйгісі келген", - деп мәлімдеген еді режиссер.

"Бұл тамаша ғой - Disney фильмінде гейлерге арналған бөлек сюжет болады", - деген еді Кондон.

Режиссер Disney тарихында "нәсіларалық сүйістің" де тұңғыш рет көрініс табатынын мәлімдеген.

Ал Ресейде осы фильмге қатысты дау туған. Мемдуманың депутаты Виталий Милонов ("Единая Россия") мәдениет министрі Владимир Мединскийден мюзиклді таныстырылымы өтпей жатып гомосексуализмды насихаттау белгілерін анықтауға тексеріс жүргізуді сұраған. 7 наурызда "Сұлу мен Құбыжық" фильмінің ресейлік прокатқа 16+ жас шектеуімен шығатыны белгілі болды. 

Ал фильмнің ресми трейлеріне қарағанда, туындыны алты жастан асқан балаларға көруге рұқсат берілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети