15 тамыз 2018 09:15

Гена қолтырауын мен Чебурашка авторы Эдуард Успенский қайтыс болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Сергей Старостенко / РИА Новости © Сергей Старостенко / РИА Новости

Танымал жазушы, драматург әрі сценарист Эдуард Успенский Мәскуде 80 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 


Танымал жазушы, драматург әрі сценарист Эдуард Успенский Мәскуде 80 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Эдуард Успенский сейсенбіде Мәскеудегі Троицк әкімшілік ауданына кіретін Пучково ауылындағы жеке үйінде көз жұмды. Ақпаратты жазушының әйелі "Мәскеу 24" телеарнасына растады.

Кеңестік балалардың сүйікті "Каникулы в Простоквашино", "Крокодил Гена", "Вниз по волшебной реке" атты туындыларының авторы 80-ге келіп қайтыс болды. 

Оның ойлап тапқан танымал кейіпкерлері: Гена қолтырауын және Чебурашка, Матроскин мысығы, Дядя Федор, пошташы Печкин, Шарик төбет, ағайынды Колобоктар және басқалары. 

Эдуард Николаевич Успенскийдің Простоквашинодағы достардың оқиғасы туралы алғашқы кітабы 1974 жылы жарық көрген. Кітап желісі бойынша үш танымал мультипликациялық фильм түсірілген. Олар: "Трое из Простоквашино", "Каникулы в Простоквашино" және "Зима в Простоквашино".

Ол "Спокойной ночи, малыши!", "Радионяня" және "АБВГДейка", сонымен қатар "В нашу гавань заходили корабли" атты авторлық әндер туралы бағдарламаның жасаушыларының бірі болған. 

2010 жылы Успенскийге "Отандық балалар әдебиетіндегі көрнекті шығармашылық жетістіктері үшін" Корней Чуковский атындағы сыйлық берілді. Соңғы жылдары жазушы ауыр дертке шалдыққан. Ал 2018 жылдың басында Германиядан емделіп келген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети