24 тамыз 2014 16:42

Голливудтың 200-ге жуық жұлдызы Израильге қолдау білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©etoday.ru ©etoday.ru

Голливудтың 200-ге жуық жұлдызы Израильді қолдап, петицияға қол қойды, - деп хабарлайды The Hollywood reporter. Режиссерлер, продюсерлер, актерлер мен ірі киностудия басшылары Израильге қолдау білдіріп, ХАМАС әрекетін айыптап отыр.

"ХАМАС Израиль қалаларына зымыран жаудыра алмайды, олардың адамдарды кепілдікке алуы - жол берілмейтін әрекет. Ауруханалар - қару жасыратын емес, кісі емдейтін орын. Мектептер - зымыран тастайтын емес, бала оқытатын жер. Балалар - тірі қалқан емес, біздің үмітіміз", - делінген мәлімдеме. Өнер қайраткерлерінің үндеуі америкалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

"Біз өзіміз бағалайтын демократиялық құндылықтарды қолдау үшін біріктік, өнердің емдейтін, жаңғыртатын күші бейбітшілік көпірін жасауға қолданылуы мүмкін деп үімттенеміз", - дейді Голливуд жұлдыздары.

Израильді қолдайтын петицияға қол қойғандардың арасында Сильвестр Сталлоне, Арнольд Шварцнеггер, Джош Чарльз, Сет Роген, Маим Балик сияқты актерлер, Айван Райтман, Уильям Фридкин сияқты режиссерлер бар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети