Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Жаужүрек мың бала" мен "Жеңіс қылышы" "Ақбозат" кинофестивалі бағдарламасына енді

05 Қараша 2014, 15:00
0
"Жаужүрек мың бала" фильмінің постері
"Жаужүрек мың бала" фильмінің постері
"Жеңіс қылышы" фильмінің постері
"Жеңіс қылышы" фильмінің постері

Қазақстандық екі толықметражды фильм Уфа қаласында өтетін "Ақбозат" Ұлттық және этникалық кинолар халықаралық фестивалінің негізгі бағдарламасына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Басты сыйлыққа Ақан Сатаевтың "Жаужүрек мың бала" және Әсия Сүлеева мен Әнуар Райбаевтың "Жеңіс қылышы" фильмдері үміткер.

Қазақстандық картиналармен бірге басты сыйлыққа мына ленталар таласып жатыр: "Бұлақ. Қасиетті қайнар" (Ресей), "Құрманжан Датқа" (Қырғызстан), "Кеніш" (Ресей), "Ступняк" (Әзірбайжан), "Ақ мүк" (Солтүстік Осетия), "Армандағы команда" (Латвия), "Айна кескіндері" (Иран), "Ағай" (Өзбекстан). Байқауға Шәрипа Оразбаеваның қысқаметражды "Бастау" фильмі де еніп отыр.

"Ақбозат" кинофестивалінің іріктеу кезеңіне түрлі елдерден 100-ге жуық фильм келіп түскен. Конкурстық бағдарламаға актер ойнайтын толықметражды фильмдер, актер ойнайтын қысқаметражды фильмдер, деректі фильмдер аталымдары бойынша 33 жұмыс іріктелді. Ашылу салтанаты 27 қарашада болады. 

Айта кетейік, "Қазақфильм" киностудиясының "Жаужүрек мың бала" фильмі 2012 жылы "Оскар" сыйлығына "Шет тілдегі үздік фильм" аталымы бойынша ұсынылған еді. Онда картинна лонг-листтен ғана көрінді. Сол жылы "Жаужүрек мың бала" фильмі қазақстандық кинопрокатта көш бастады. "Жеңіс қылышы" фильміне келер болса, картина Ресейде өткен ХV "Ертегі" кинофестивалі бас жүлдесінің иегері, ал "КиноМалыШок" фестивалінде жас актер Дінмұхаммед Садыбеков үздік ролі үшін жүлде алды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай