23 қаңтар 2021 13:00

Жайдарбек Күнғожинов "Томирис" фильміндегі трюктері үшін алған каскадерлік "Оскарын" көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© keanu.ru © keanu.ru

Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі, трюктерді қоюшы, каскадер Жайдарбек Күнғожинов әлемдік каскадерлер академиясынан (АҚШ) алған "Таурус" сыйлығымен түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі, трюктерді қоюшы, каскадер Жайдарбек Күнғожинов әлемдік каскадерлер академиясынан (АҚШ) алған "Таурус" сыйлығымен түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жайдарбек Күнғожинов Instagram-дағы парақшасында марапаты елге жеткізілгенін хабарлады. 

"Әлемдегі ең мықты трюктерді қоюшы ретінде марапатымды алдым. Қуаныштымын! Командама үлкен рақмет, олардың арқасында біз мұны Қазақстан мен Орталық Азия тарихында алғаш болып жасадық. Осы марапатқа 20 жыл ұмтылдық және Голливудта ең мықты бола алатынымызды дәлелдедік! Барлығыңызға рақмет!", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhaidarbek Kunguzhinov (@kunguzhinov)

Жайдарбек Күнғожинов каскадерлік "Оскар" деп аталатын бұл беделді сыйлықты "Томирис" тарихи драмасында жасаған жұмысы үшін алған болатын. Танымал режиссер Ақан Сатаев та каскадермен түскен суретін жариялап, қуанышын бөлісті. 

"Құрметті достар, керемет жаңалық! Бүгін 12 келі Taurus сыйлығы АҚШ-тан Nomad Stunts каскадерлар тобына және жетекшісі Жайдарбек Күнғожиновқа жеткізілді. Бұл әлемдегі каскадерлердің ең беделді кәсіби сыйлығы, оны біздің "Қазақфильм" киностудиясының туындысы - "Томирис" фильміндегі трюктерді жоғары деңгейде қойып, орындағандары үшін жеңіп алды", - деп жазды Сатаев Instagram-дағы парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Akan Satayev (@akansatayev)

"Таурус" - Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) сыйлығы. Бұл жыл сайын әлемнің үздік каскадерлері, қоюшылары мен экшен-мамандарын марапаттайтын беделді сыйлық. Еске салайық, Жайдарбек Күнғожиновтың "Таурусқа" ие болғаны былтыр 22 қарашада хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети