Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Желіде Әсел Сәдуақасова мен Берік Айтжанов түскен фильмнің трейлері пайда болды

18 Қыркүйек 2015, 14:30
0
Фильмнің ресми трейлерінен алынған кадр
Фильмнің ресми трейлерінен алынған кадр

"Үшеуге арналған үйлену тойы" атты комедиядан кейін танымалдыққа ие болған режиссер Асқар Бисембиннің "Адель" атты фильмінің трейлері Желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Картина тәуелсіз әрі бірбеткей Адель есімді қыз бен атақты композитор Бекжанның арасындағы романтикалық оқиғаларды баяндайды. Ғашықтардың ролін актриса әрі әнші, фильмнің бас продюсері Әсел Сәдуақасова мен актер Берік Айтжанов сомдайды, ол осы роль үшін өз имиджін түбегейлі өзгерткен. "Біз Асқар екеуміз бір жыл бұрын таныстық. Мен бұрыннан фильм түсіргім келді, жұмыс істейтін адамдарды іздедім. Біздің орындаушы продюсеріміз Асқармен таныстырды, біз сөйлесіп, ойымыздың бір екенін түсіндік", - деді Сәдуақасова.

Түсірілім Алматыда 10 мамырда басталып, 24 күнге созылды. Сценарийін жазғандар Асқар Бисембин мен Сергей Пак, композиторы - Павел Ли. "Адель" фильміне екі саундтрек жазылды, оларды Дильназ Ахмадиева мен Қайрат Нұртас орындайды.

"Бұл менің тұңғыш рет продюсерлік етуім, мен мұның маған бәрінен жақын екенін түсіндім. Фильм түсіру туралы ойымды бес жыл бойы арқалап жүрдім. Салмақты кино жасағым келді, осындай мамандарды кездестіргенім үшін қуаныштымын. Олардың арасындағы ең кәсіиби емесі менмін. (...) Берік Айтжанов біздің сценарийді оқығанда, бұл оның армандаған ролі екенін айтты. Ол басқа жобалардан бас тартып, рольді сомдауға келісті", - деді Әсел Сәдуақасова.

"Адель" фильмі кинотеатрлардың экранына 15 қазанда шығады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай