02 ақпан 2019 18:33

Желіде жаңа "Форсаждың" трейлері пайда болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде "Форсаж" блокбастерінің жаңа бөлімінің трейлері пайда болды, видеоны YouTube хостингінде Universal Pictures компаниясы жариялады.


Желіде "Форсаж" блокбастерінің жаңа бөлімінің трейлері пайда болды, видеоны YouTube хостингінде Universal Pictures компаниясы жариялады.

Картина сюжеті бойынша, америкалық актер Дуэйн Джонсон мен британдық Джейсон Стэтхэм ойнаған екі арнайы агент британдық актер Идрис Эльба сомдаған ерекше мықты қабілеті бар зұлымды тоқтату керек.

Картина режиссері - Дэвид Литч, ол "Джон Уик" және "Дэдпул 2" сияқты фильмдерімен белгілі. Жаңа, тоғызыншы бөлімнің тұсаукесері 2019 жылдың 1 тамызына жоспарланған.

Желі қолданушылары барлық дерлік бөлімде ойнаған Вин Дизельдің видеода жоқтығын байқап, пікір қалдырған.

"Кадрда таздар тым аз. Қызық емес", - деп жазған хосинг қолданушыларының бірі. "Форсаж" Вин Дизельсіз "Форсаж" емес", - деген екіншісі. "Үшінші жарғақ бас қайда?", - деп пікір қалдырған тағы бірі.

"Форсаж" (The Fast and the Furious) - америкалық медиафраншиза, ол 2001 жылдан бастап 2017 жылға дейін шығарылған сегіз толық метражды және екі қысқа метражды фильмнен тұрады. Universal студиясының ең ірі және табысты франшизасы саналады, барлық бөлімін есептегенде әлемдік кассада 5,1 миллиард доллардан аса қаржы жинаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети