02 желтоқсан 2014 17:40

Жерар Депардье: Ресей азаматы болғаныма мақтанамын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жерар Депардье. ©izvestiaur.ru Жерар Депардье. ©izvestiaur.ru

Француздың атақты актері Жерар Депардье Ресей азаматы болғанына мақтанатынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Француздың атақты актері Жерар Депардье Ресей азаматы болғанына мақтанатынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен Ресейді қатты жақсы көремін және Ресей азаматы болғаныма мақтанамын. Осы үлкен елдің, руханилығы өлшеусіз елдің бір бөлшегі болғаным үшін мақтанамын. Ресей тамаша", - деді Жерар Депардье 1 желтоқсан күні Елисей алқабындағы Рон-Пуан театрында көрермендермен кездескен сәтінде. 

Жерар Депардье еуропалықтардың Ресейді ешқашан түсінбейтінін айтты. "Бұл ел - шетсіздік, шексіздік. Онда адам айтқысыз жандар өмір сүреді. Сіздерге, Францияда, Италияда, жалпы Еуропада тұратындарға мұны түсіну қиын. Сіздерге Ресейдің не екенін түсіну қиын", - деді актер. Депардье өзінің Ресей туралы айтқан сөзінен кейін көрермендердің жасқана қол соғуының артында иедология тұрғанын айтты. "Мен де сөйткен едім. Мен де ұзақ уақыт бойы Ресейден бойымды аулақ ұстаған болатынмын", - деді ол.

Еске сала кетейік, Жерар Депардье Франция президенті Франсуа Олландтың салық реформасын қолға алуына байланысты Ресей азаматтығын алған еді. Олланд жылдың табысы миллион евродан асатын азаматтарға табысының 75 пайызы көлемінде салық салмақ болды. 2013 жылдың қаңтарында Ресей президенті Владимир Путин француз актеріне Ресей Федерациясының азаматтығын беру туралы жарлыққа қол қойды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети