07 қаңтар 2016 10:48

"Жұлдызды соғыстар" фильмі АҚШ пен Канада прокатында "Аватардың" рекордынан асып түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Кino-kreiser.com.ua © Кino-kreiser.com.ua

"Жұлдызды соғыстар" фильмі АҚШ пен Канадададағы прокатта рекорд орнатып, "Аватардың" көрсеткішінен асып түсті, - деп хабарлайды RT. Фильм Канада мен АҚШ-тағы прокатта 760,5 миллион доллардан аса қаражат жинады. 

Disney компаниясы өкілдерінің айтуынша, бұл сага Солтүстік Америка прокатында алғаш рет алдыңғы қатарға шығып отыр. "Бұл рекордпен біз мақтанамыз. Көрермендердің ыстық ықыласы болмаса, мұндай көрсеткішке жете алмас едік. Бұл бізге ары қарай жұмыс істеуге күш береді. Бұл жетістікті ұйқыдағы күштің оянуы дер едім, бәрі халықтың арқасы", - деді компания өкілі.

Айта кетейік, әлемдік прокатта жинаған қаражат көрсеткіші бойынша картина қазір 1,5 миллиард доллармен төртінші орында тұр. 

Еске сала кетейік, режиссер Джордж Лукастың "Жұлдызды соғыстар" сагасының алғашқы фильмі 1977 жылы шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети