27 наурыз 2018 16:57

Қайрат Нұртастың 18 сыңары. "Той любой ценой" фильмі жайлы қызықты 10 дерек

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 наурызда "Той любой ценой" қазақстандық комедиясы прокатқа шыққан болатын. Отбасылық фильмде Наурыз мейрамы мен Қыз ұзату салты көрсетіледі. Өз кезегінде фильм авторлары картина жайлы қызық 10 деректі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


21 наурызда "Той любой ценой" қазақстандық комедиясы прокатқа шыққан болатын. Отбасылық фильмде Наурыз мейрамы мен Қыз ұзату салты көрсетіледі. Өз кезегінде фильм авторлары картина жайлы қызық 10 деректі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1. Бұл Қыз ұзату жайлы түсірілген алғашқы және әзірше бірінші комедия.

2. Фильмде актер Шәріп Серік қарындасы актриса Ақбота Сейітмағамбетке "Қарындасым" әнін орындағанда барлығы шынымен де жылады.


Салтанат Бақаева мен Ақбота Сейітмағамбет.

3. Жан Байжанбаев өзінің рөліне кіріп кеткені соншалық - ол өзінің қоластындағыларға айғайлап жатқанда, павильон күзетшісі дубинкамен жүгіріп келген. Осы кезде түсірілім тобында павильон өкілдеріне бұл тек "Той любой ценой" фильмінің түсірілімі және барлығы да дұрыс екенін түсіндіру үшін біраз уақыт кеткен.

4. Фильм түсірілімі кезінде актер Жалгас Жанғазин бір қойды, ал Фархад Әбдірайымов бірден бес тәрелке палауды жеген.

5. Фильм түсіріліміне дайындық кезінде Қайрат Нұртасқа ұқсас 18 адам табылған. Олардың бірі осы фильмге түсті.

 6. Қарабаевтар мен Сарыбаевтар отбасылары (Азат Сетметов, Данагүл Темірсұлтанова мен Ғани Құлжанов, Әсел Ақбарова) арасындағы қарым-қатынас, яғни, олардың бір-бірімен жарысуы кадрдан тыс та солай жалғасқан.

7. Балуандардың рөлін сомдаған актерлер расында да нағыз алыптар. Тіпті түсірілім кезінде барлық декорация қимылдаған.

8. Фильмде орындалған әрбір музыкалық композиция "Той любой ценой" фильмне арнайы жазылған.

9. Актриса Айым Сейітметова фильмде Азат Сетметов пен Данагүл Темірсұлтанованың болашақ келіні рөлін ойнайды. Шынайы өмірде олар актрисаның нағыз ата-анасы.

10. "Қыз ұзату" салты екі апта бойы түсірілген - осы уақыт аралығында екі қой, 215 тәрелке палау желініп, 1,5 тонна шай ішілген.

Фильмде актерлер отбасылық мерекені мейрамханада кішігірім етіп өткізуді жоспарлайды, бірақ, қалыңдықтың үлкен ағасы мейрамхананың ақшасын жоғалтып алады. Дегенмен тапқыр ағасы үйлену тойының бірінші бөлігін түсірілім павильонында өткізуді ұсынады. Айта кетейік, картина режиссерлері - Қанағат Мұстафин мен Айдын Сахан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети