13 маусым 2018 10:44

"Қазақ хандығының" екінші маусымы ОҚО-да түсіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аян Өтепберген. Аян Өтепберген.

Рүстем Әбдірашевтің "Қазақ хандығы. Алтын тақ" көпсериялы тарихи телевизиялық жобасының екінші маусымы түсіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Рүстем Әбдірашевтің "Қазақ хандығы. Алтын тақ" көпсериялы тарихи телевизиялық жобасының екінші маусымы түсіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Киностудия мәліметінше, "Қазақ хандығы. Алтын тақ" ауқымды жобасы екінші маусымының түсірілімдері Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында жүріп жатыр.

Айта кетейік, тарихи жобаның авторы - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Көп сериялы фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Centaurus Rustem Abdrashev production" ЖШС-нің қатысуымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсіріп жатыр.


© Киностудия жолдаған суреттер

Еске сала кетейік, "Қазақ хандығының" түсірілім жұмыстары ресми түрде 2015 жылы басталған болатын. Картинаға Еркебұлан Дайыров (Жәнібек), Қайрат Кемалов (Керей), Аян Өтепбергенов (Бұрындық), Досхан Жолжақсынов, Димаш Ахимов, Жанар Сахат (Әбілқайырдың әйелі), Шұғыла Сапарғалиқызы (Керейдің әйелі), Мадина Исманова (Жәнібектің әйелі) түсті. Фильмге қазақстандық әртістермен қатар Хакасия, Тува, Өзбекстан елінің актерлері де қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети