06 тамыз 2014 20:10

Қазақ қызы қытай фильмінің басты рөлінде ойнайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риза Әлімжан. ©massaget.kz Риза Әлімжан. ©massaget.kz

Этникалық қазақ Риза Әлімжан қытайлық "Біз ғана білетін мекен" фильмінде басты рөлде ойнайды, - деп хабарлайды Massaget.kz. Қытайлық БАҚ өкілдерінің ақпараты бойынша, фильм 2015 жылдың басында жарыққа шығады. Ол киноға оңтүстіккореялық SM Entertainment агенттігі құрған EXO тобының бұрынғы мүшесі Ву Ифанмен бірге түседі.


Этникалық қазақ Риза Әлімжан қытайлық "Біз ғана білетін мекен" фильмінде басты рөлде ойнайды, - деп хабарлайды Massaget.kz. Қытайлық БАҚ өкілдерінің ақпараты бойынша, фильм 2015 жылдың басында жарыққа шығады. Ол киноға оңтүстіккореялық SM Entertainment агенттігі құрған EXO тобының бұрынғы мүшесі Ву Ифанмен бірге түседі.

Риза Әлімжан Қытайдың кино саласында Reyizha Alimjan немесе Rayza деген есімімен танымал. Ол 1986 жылы 15 шілдеде Бейжің қаласында дүниеге келген. Қытайдың Baidu іздеу желісіндегі дереккөздерге сүйенсек, таза қазақ отбасында тәрбиеленген. Қыздың ата-анасы Бейжің қаласының тіл орталығында жұмыс істейді екен. Ризаның танымалдылығы 15 жасынан бастап артқан. Бұған дейін "Соқыр кино", "Үлкен шайқас", "Сәттілік келе жатыр", "Жень Хуан Чуан ғибадатханасы" сияқты тағы да басқа фильмдер мен мелодрамаларға түскен.  Ең жас сәнбике ретінде атақты сән туралы Ruili журналының алғашқы беттеріне бірнеше рет шыққан.

Айта кетейік, қытай киноларын бүгінде әлем мойындап отыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, қытайлық режиссер Йинан Дчоның "Қара көмір, жұқа мұз" фильмі Берлинде өткен 64-ші Халықаралық кинофестивальде "Алтын аю" жүлдесін жеңіп алды. Фильм желісі 1990 жылы Солтүстік Кореяда өтеді. Киноның сюжеті бойынша, кішігірім қалада бірнеше адамның мейіті табылады. Қылмыскерлерді іздестіру барысында екі полицей қаза болып, біреуі ауыр жарақаттанады. Кейін аман қалған офицерді жұмысынан қуып жібереді. Сосын ол зауытқа қарауыл болып орналасады. Арада бірнеше жыл өткен соң адамдар тағы да құпия мерт болады. Содан кейін ол істі қайта өз қолына алады. 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети