16 ақпан 2015 15:21

Қазақстанда киноға бөлінетін бюджет қаражаты қысқартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. ©Tengrinews.kz Иллюстрация. ©Tengrinews.kz

Қазақстанда республикалық бюджеттен кинематографияға бөлінетін қаржы қысқартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда республикалық бюджеттен кинематографияға бөлінетін қаржы қысқартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дағдарыс жағдайына байланысты қазір сома қысқартылып жатыр, қаншаға қысқаратынын айта алмаймын, себебі бұл мәселе қарастырылып жатыр. Тіпті бүгін таңертең біздің министр қаржы министрімен кездесті. Яғни жұмыс тәртібінде қандай жобалардың қажет екенін, қай жобаларды уақытша тоқтата тұру керек екенін дайындап жатырмыз", - деді тілшілерге ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері жөніндегі департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінен кейін. 

Ол киноға бөлінетін мемлекеттік шығыстардың қысқаруына байланысты Қазақстан идеологиясы мәселесіндегі маңызды картиналарға назар аударылатынын атап өтті. 

"Біз қазір тематикалық жоспарды қайта қарау үстінде идеологиялық негізі бар, идеолеогиялық насихатты жүргізетін кинофильмдерге басты назар аударылады. Меніңше, бұл республикадағы киноөнімнің тақырыптың аясын тар етпейді, себебі, сіздер білесіздер, фильм түсіретін жеке компаниялар көп", - деп хабарлады Райымқұлова.

Осыған байланысты қазақстандық кейбір сценаристер мемлекеттік қаржыны уақытша үнемдеудің мүмкіндігін қолданып, сценарийлерін аяқтауды ұсынды. Департамент директорының айтуынша, киножобалардың бір бөлшегін келесі жылға қалдыруға болады. 

"Өте қызықты тақырыптар, сценарийлер болады, бірақ кәсіби тұрғыдан қарағанда олар аяқталмаған, оны пісіріп, тақырыбын аша түсуге, кей тұсын түрлі жақтардан қызығырақ етуге уақыт керек. Сондықтан біз сценаристер мен кино түсіруші топтарға бұл уақытты материалды аяқтауға арнаумен айналысуын ұсынамыз. Ал негізінде, қызықты сценарийлер біздің үлкен мерекелеріміздің аясында болмаса да қолдауымызға ие болып жатыр", - деді ол. Сонымен қатар, оның айтуынша, бүгінде кинода идеялық тоқырау жоқ.

"Бізде сценарийлер өте көп! Қызықты тақырыптар да көп!", - дейді ол, бірақ оның айтуынша, олардың жартысы кәсіби тұрғыдан пісіп-жетілмеген, ал тағы бір бөлігі кәсіби тұрғыдан сапалы жасалған, бірақ олардың тематикасы мемлекеттің есебінен түсірілетін фильмдерге сәйкес емес.

Өткен жылы Қазақстанда 51 фильм түсірілді. Олардың 13-і - көркем фильм, 16-сы - деректі фильм және біреуі - анимациялық фильм. Қазіргі уақытта ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ хандығының 550 жылдығы аясындағы жобаларды, нақтырақ айтсақ, 10 сериясы бар көркем фильмді, деректі фильмдер циклы және көпсериялы анимациялық фильмін түсіріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети