10 наурыз 2021 14:34

Қазақстандық екі фильм ресейлік сыйлыққа ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ең көне ресейлік "Ника" кинематография сыйлығы 2021 жылы марапаттарға үміткерлердің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ең көне ресейлік "Ника" кинематография сыйлығы 2021 жылы марапаттарға үміткерлердің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ТМД және Балтық елдерінің үздік фильмі" категориясына режиссер Ернар Нұрғалиевтің "Жаным, ты не поверишь" және Әділхан Ержановтың "Сары мысық" атты екі қазақстандық фильм ұсынылды.

Сондай-ақ, бұл категорияда: "Два тысячи песен Фариды" (Өзбекстан), "От смерти до смерти" (Әзербайжан), "Шамбала" (Қырғызстан) бар.

"Жаным, ты не поверишь" картинасының сюжеті бойынша, ерлі-зайыпты тұңғышының дүниеге келгенін асыға күтеді. Осы уақытта басты кейіпкер Дастан (Данияр Алшынов) әйелінің (Әсел Қалиева) күнделікті қыспағына шыдай алмай, кәсіпкер және учаскелік полицей достарымен бір күнге қашып кеткісі келеді. Ер адамдар балыққа шығады, алайда олар алда күтпеген түсініксіз шытырман оқиғаларға тап болады. 

"Сары мысық" фильмінде қазақстандық "Бонни мен Клайдтың" оқиғасы баяндалады. Кермек есімді жас жігіт түрмеде жазасын өтеп, қылмыстық топ өзінің қатал заңдарын орнатқан туған қаласына оралады. Жігіттің ғашығы Ева қылмыскерлердің ықпалынан теріс жолға түскен, Кермек өзі де қылмысқа белшесінен батады. Бірақ ол сүйген қызымен бірге еркіндікке қол жеткізіп, кинотеатр салу туралы арманын тастамайды. 

"Ники" марапаттау рәсімі 25 сәуірге жоспарланған, ол Мәскеуде өтеді. Онда 2019 және 2020 жылдардағы фильмдер үшін сыйлықтар беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети