16 сәуір 2021 11:02

Қазақстандық фильм Германиядағы кинофестивальді ашады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Режиссер Әділхан Ержановтың "Сары мысық" қазақстандық фильмі Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалін ашады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Режиссер Әділхан Ержановтың "Сары мысық" қазақстандық фильмі Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалін ашады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кинофестиваль 2021 жылдың 20-26 сәуір аралығында Висбаденде (Германия) онлайн форматта өтеді.

Түсірілімге Short Brothers (Қазақстан), "Қазақфильм" және Arizona Productions (Франция) компаниялары қатысқан Zerde Films-тің (Қазақстан) "Сары мысық" фильмінде бұрынғы қылмыстық өмірін біржола тастап, тауда кинотеатр салуды армандайтын Кермек есімді жігіттің оқиғасы баяндалады. 

Айта кетейік, фестиваль аясында Ержановтың тағы екі картинасы - "Бақытжамал" қысқаметражды таспасы (2007) және конкурстық бағдарламада ұсынылған "Ұлболсын" көркем фильмі (2020) көрсетіледі. Биыл фестивальге барлығы 92 кинокартина қатысады.

GoEast кинофестивалін 2001 жылы неміс кино институтының директоры Клаудия Диллманн құрған. Фестивальдің негізгі мақсаты - Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің мәдени дамуы туралы білім деңгейін арттыру, сондай-ақ түрлі кинематографиялық мектеп арасындағы диалогты тереңдетуге ықпал ету.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети