19 желтоқсан 2015 12:44

Қазақстандық фильм Қырғызстанда өткен кинофестивальде бас жүлде алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дархан Төлегенов Дархан Төлегенов

Қазақстандық жас  режиссер Дархан Төлегеновтің "Таңғы жұлдыздың сәулесі" фильмі "Қырғызстан - қысқа метражды фильмдер елі" атты ТМД, Балтия және Грузияның V Халықаралық кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, әділ қазылар алқасы "Қазылардың арнайы назары" сыйлығын үздік өнері үшін актер Ерболат Атабайға беру туралы шешім шығарды, ол бұл фильмде басты рольді сомдаған. Халықаралық бағдарламаға түрлі елден барлығы 13 жұмыс кірді.

Әділ қазылар алқасының төрағасы  - кинорежиссер, сценарийші Әли Хамраев. Қазылар алқасының құрамында қазақстандық белгілі режиссер, "Бастау" кинофестивалінің президенті Сергей Әзімов болды. "Мойындағым келеді, маған ол үшін өз ұстанымымды тықпалаудың қажеті болған жоқ. Барлығы бір ауыздан деуге болады, сол картинаға өз дауыстарын берді", - деді кинематографшы Сергей Әзімов.

Айта кетейік, Дархан Төлегенов Жүргенов атындағы өнер академиясының 4-курсында оқиды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети