28 қазан 2014 16:42

Қазақстандық "Қожайындар" фильмі азиялық "Оскарға" ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қожайындар" фильмінің кадры "Қожайындар" фильмінің кадры

Қазақстандық "Қожайындар" фильмі жыл сайын өткізіліп отыратын Asia Pacific Screen Awards ("Оскар" секілді) сыйлығына ұсынылды. Жыл сайынғы сыйлықтың номинанттар тізіміне Әділхан Ержановтың "Қожайындар" фильмі кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық "Қожайындар" фильмі жыл сайын өткізіліп отыратын Asia Pacific Screen Awards ("Оскар" секілді) сыйлығына ұсынылды. Жыл сайынғы сыйлықтың номинанттар тізіміне Әділхан Ержановтың "Қожайындар" фильмі кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Картина екі категорияда бірден екі сыйлыққа үміткер - "Үздік фильм" және "Үздік оператор". Айта кетейік, австралиялық кино академиясының басты сыйлығына "Зимняя спячка" (Түркия - Франция), "Левиафан" (Ресей), "Я не злой" (Иран) және "Воспоминание на камне" (Германия - Ирак) фильмдері де таласып жатыр.   

Айта кетейік, "Қожайындардың" әлемдік премьерасы Канн кинофестивалінде өтіп, оның қорытындысы бойынша картина сыншылардың жоғары бағасына ие болған еді. Сонымен бірге, лента Канада, Сингапур, Оңтүстік Корея, Ресей, Франция, Польша, Словакия, Нидерланды елдеріндегі кинофестивальдерге қатысты. 

"Қожайындар" фильмі елдегі жемқорлықтың салдарынан баспанасынан айырылған ағалы-інілі және апалы-сіңлілі адамдардың хикаясы туралы. Жергілікті тұрғын учаскелік полицей болып жұмыс істейтін туысының көмегімен кейіпкерлерді пәтерінен шығарады. Жастар арқа сүйейтін жақыны жоқ болғанымен баспанасынан жайдан-жай айырылып қалғысы келмейді. Кино операторы Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының 23 жастағы студенті - Еркінбек Пітірәлиев. 

Asia Pacific Screen Awards жеңімпаздарын құрамында Асхар Фархади (Иран) және Энтони Джен (Сингапур) сияқты танымал кинематографистер кіретін халықаралық қазылар алқасы анықтайды. APSA марапаттау рәсімі 2014 жылдың 11 желтоқсанында Брисбенде (Австралия) өтеді. 

Еске сала кетейік, өткен жылы азиялық "Оскарға" Ермек Тұрсыновтың "Шал" фильмі ұсынылған еді, бірақ картина сыйлық ала алмады. Ал "Асланның сабақтары" лентасы үшін Эмир Байғазин APSA-2013 үздік режиссері болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети