31 қазан 2019 15:11

Қазақстандық режиссердің фильмдері АҚШ-та көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жас режиссер Берік Жахановтың "Асан" (қысқаметражды) және "Ата кәсіп" (деректі) фильмдері АҚШ-та көрсетілді. Бұл картиналарды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі киностудия баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жас режиссер Берік Жахановтың "Асан" (қысқаметражды) және "Ата кәсіп" (деректі) фильмдері АҚШ-та көрсетілді. Бұл картиналарды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі киностудия баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған фильмдер Карлайл қаласындағы  (Пенсильвания штаты) Dickinson college өнер университетінде өткізілген Берік Жахановтың шығармашылық шеберлік сағаттары барысында көрсетілді. Айта кетсек, бұл білім ордасы 1773 жылы негізі қаланған АҚШ-ғы ең көне университеттердің бірі. Кезінде АҚШ тәуелсіздігі декларациясына қол қойған қоғам қайраткері Бенжамин Раш осы университеттің негізін қалаған болатын. Режиссердің шеберлік сағаттарын доцент, PhD доктор Алиса ДеБлазионың ұйымдастырған.

"Шетелдің студенттері отандық киноны үлкен қызығушылықпен тамашалады. Әсіресе олар "Асан" фильмін ерекше ықыласпен көрді. Әрине, Отанымның алдында үлкен жауапкершілікті сезіндім. Әр көрсетілімнен кейін студенттермен бір сағат көлемінде әңгімелестік. Сонымен қатар оларға "Ата кәсіп" фильмі де ұнады. Оларды өзбек халқының тұрмыс тіршілігі, бесік жасау өнері қатты қызықтырды", - деді Берік Жаханов.

Шеберлік сағаттардан бөлек отандық режиссер Dickinson college студенттеріне өздері жазған сценарийлері бойынша фильм түсіруді, монтаж жасауды үйретті.

"Асан" фильмі әкесін ақтық сапарға шығарып салуға жолға шыққан бозбала туралы баяндайды. Былтыр бұл тунды 71-ші Халықаралық Канн кинофестивалінің Short Film Corner аясында (әлемнің қысқаметражды туындыларына арналған) көрсетілген болатын. Сонымен қатар 2018-2019 жылдар аралығында бұл фильм түрлі халықаралық фестивальдерге қатысып, бірнеше жүлделерге ие болған.

Ал "Қазақстанның түркі тектес халықтары" циклы бойынша арнайы түсірілген "Ата кәсіп" деректі фильмі көп ұлтты Қазақстанда тұратын түркі этносына арналған. Деректі туынды өзбек ұлты туралы, оның ішінде ата-кәсіп - бесік жасаумен айналысатын Абдуманат Зупаров есімді шебердің өмірін баяндайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети