Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Келін" сериалындағы Шив 23 мың қазақстандықпен кездесті

02 Наурыз 2015, 18:27
0
©iplay.kaztrk.kz
©iplay.kaztrk.kz
©"Қазақстан" РТРК баспасөз қызметі
©"Қазақстан" РТРК баспасөз қызметі
©"Қазақстан" РТРК баспасөз қызметі
©"Қазақстан" РТРК баспасөз қызметі

"Келін" телехикаясындағы басты рөлдердің бірін сомдаған Сидхарт Шукхламен (Шив - Анандидің күйеуі) кездесу үшін Астанадағы "Хан Шатырына" 23 мыңнан аса адам жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан" РТРК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сидхартты Астана халықаралық әуежайында "Қазақстан" телеарнасының танымал жүргізушілері Нұрлан Қоянбаев пен Ләйла Сұлтанқызы қарсы алды.

"Ол өзінің суреттері мен баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларды көріп, қазақстандықтардың арасында аса танымал екеніне шын көңілден таңғалғанын айтты. Сидхарттың айтуынша, Мумбаидан шыққанда ауа температурасы 30 градус ыстық болған екен, Астанада біраз тоңғанын жасырмады", - делінген хабарламада.

Танымал актер Астанада бірнеше кездесу өткізіп, түрлі телебағдарламаға қонақ болды. Сол кездесулер барысында оның танымалдығы турасында қойылған сұраққа ол: "Актерліктен бұрын мен модель болдым. Ал "Келін" мен түскен төртінші телехикая. "Келін" Үндістанда да танымал және үздік телехикаялардың бірі деуге болады. Жұртты қызықтыратыны - телехикаяның соңы қалай бітеді. Мен айтар едім, жоғары рейтинг беретін телехикаяның соңын не үшін күтесіздер?", - деп жауап берді.

Сидхарттың айтуынша, ол Қазақстанның киноиндустриясы туралы көп біле бермейді. Бірақ Қазақстанға келіп қазақтың көптеген актерімен танысыпты. "Байқағаным, олар халық арасында өте танымал, халық оларды жақсы көреді", - деді ол.

Айта кетейік, Сидхарт Шукхла Мумбаида дүниеге келген, 34 жаста. 2008 жылдан бері актер шеберлігін шыңдап келеді. Бұдан бұрын сән бизнесінде қызмет еткен, "Жұлдыздармен би билеу" шоуына қатысқан. Үстел теннисімен және футболмен шұғылданады. 2013 жылы Үндістан телевизия академиясы Сидхартқа "Жыл әртісі" атағын берген, сонымен қатар, ол жыл сайынғы Zee Gold Awards сыйлығының нұсқасы бойынша "ең денелі актер" атанды. Үндінің кино туралы Stardust журналы 2014 жылы оны киноиндустриядағы "Үміт күтетін жас актерлердің бірі" деп бағалаған. Ал Filmfare Awards киносыйлығы үнді тілінде түсірілген фильмдердегі жетістіктері үшін Сидхартты "Ерлер дебюті-2015" сыйлығына ұсынды. Қазіргі уақытта Сидхарт үндінің белгілі продюсері Каран Джохармен үш фильмге түсу үшін келісімшартқа отырды. 

Еске сала кетейік, Сидхарт Шукхланың Қазақстанға келетіні бұған дейін хабарланған болатын. Бұл туралы Қоянбаев Instagram желісіндегі ресми парақшасында "Түнгі Студияда" - жуырда үнді киносының жарқын жұлдызы, "Келін" сериалында басты рөлдердің бірі Шивтің рөлін сомдаған актер - Сидхарт Шукхла!", - деп жазды. Қоянбаевтың хабарламасына қарағанда, алдағы уақытта Қазақстанға Оңтүстік Кореяның әлемге танылған актері Ли Мин Хо да келуі мүмкін. Тура бір жыл бұрын қазақстандықтар сүйіп көретін телесериалдың негізгі жұлдызы - Ананди ролінде ойнаған Авика Гор да Қазақстанға қонақ болып кеткен еді. Актриса отандық бірнеше бағдарламаның түсіріліміне қатысып, көрермендерінің ыстық ықыласына бөленді.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай