16 қыркүйек 2015 13:40

"Келін" телехикаясы экранға қайта оралады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан" ұлттық телеарнасы көрермендердің сұрауы бойынша "Келін" үнді телехикаясының жаңа маусымының ашылуымен қуантпақ. Басты кейіпкердің шытырман оқиғаларға толы тағдыры көрермендердің жүрегін жаулап үлгерді.


"Қазақстан" ұлттық телеарнасы көрермендердің сұрауы бойынша "Келін" үнді телехикаясының жаңа маусымының ашылуымен қуантпақ. Басты кейіпкердің шытырман оқиғаларға толы тағдыры көрермендердің жүрегін жаулап үлгерді.

Еліміздің түпкір-түпкірінде, алыс ауылдарда, үлкен қалаларда тұратын көрермендер "Қазақстан" телеарнасының редакциясына және әлеуметтік желілерде (ВКонтакте, Facebook, Twitter, Instagram) хаттар жолдап, эфирде "Келін" сериалының жалғасын қоюды өтініп, сұрап жатыр. Бұл хаттардан аға буын өкілдерінен бастап жастарымызға дейін бұл жобаға деген халықтық махаббаттын көруге болады.

Мысалы, Астана қаласының тұрғындары Жүсіповтер, Амангелдиевтер және Бейсембектердің отбасы былай деп жазады, "...Бұл сериал бізді жарқын бояуларымен, әдемі бет-бейнелерімен баурап қана қоймай, сол сияқты кейіпкерлердің бір-біріне деген қарым-қатынасы, үлкендерге деген құрметі, қазақ дәстүріне өте ұқсас болғандықтан тәнті етті. Бұл сериалда бәрі дерлік дұрыс: ене мен келін, шеше мен қыздың, әже мен немеренің, ағайындардың арасындағы қарым-қатынастардың өте орынды екенін жеткізгіміз келеді!... Біз сериалдың кейіпкерлерін жақсы көріп қалдық. "Қазақстан" арнасы "Келін" сериалының көрсетілімін тоқтатқанда түңіліп қалдық".

Қызылорда облысынан Алмагүл Мырзабек өзінің хатында былай дейді: "...Біздің ауылда барлығы дерлік "Келін" сериалын көреді. Неге аталған сериалды қайтадан эфирге бермеске? Меніңше үндінің мәдениеті, отбасылық қағидалары біздің менталитетке өте ұқсас. ...Біз олардың тілін, дінін алмаймыз ғой, үлкенге деген құрметін, көрегенділігін аламыз. Сондықтан сериал жалғасын тапса екен. Біз Сіздердің көрермен ойын қатты бағалап, өтінішімізді жерде қалдырмайтындарыңызға сенеміз...".

"Қазақстан" телеарнасы өз көрермендерінің осы сынды сұрауларын ескере отырып, жаңа маусымда сериалдың көрсетілімін жалғастырмақшы. Бұл керемет актерлік құрамы бар, әдемі киім үлгілерімен, қайталанбас шығыс колориті бар үнді кинематографиясындағы режиссерлердің ең үздік туындыларының бірі болып табылады. Жаңа маусымда көрермендерді көгілдір экранда көптеген сезімдерге толы ғажап сәттер, құштарлық пен толқулар және шытырман оқиғалар күтіп тұр.

"Келін" телесериалын "Қазақстан" телеарнасының эфирінде 21-қыркүйектен бастап дүйсенбі-жұма аралығында 22:00-де тамашалаңыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети