07 қараша 2018 09:41

"Кенже" фильмінде басты рөлде ойнаған Айбек Жебегенге шұғыл көмек қажет

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үлкен экранның кішкентай жұлдызы Оңтүстік Кореяда әлі де өмірі үшін арпалысып жатыр. Ермек Тұрсыновтың "Кенже" фильмінде басты рөлде ойнаған Айбек Жебегенге шұғыл қаржылай көмек қажет. 11 жастағы актер лимфомаға, яғни онкологиялық дертке шалдыққан. Кореялық дәрігерлер бұл аурумен жарты жылға жуық күресіп келеді. Әлі де біразға созылатын ем шарасына қомақты қаражат қажет. Ал науқастың ата-анасы ондай ақшаны қайдан аларын білмей отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Отандық туындыда кішкентай бала өз рөлін шынайы ойнап шыққан. Камера да, режиссердің қатал талабы да, қолайсыз ауа райы да оған қорқынышты болған жоқ. Ол үшін қорқынышты сәт енді келгендей. Биыл сәуірде Айбектен қатерлі дерт анықталып, жарты жылдан бері Оңтүстік Кореяда ем қабылдап жатыр. Кішкентай актердің жанынан анасы күндіз-түні айналшықтап шықпайды. Баласын әр кез сурет пен видеоға түсіріп көңілін аулауға тырысады.

Қатерлі ісік диагнозын Айбекке кореялық дәрігерлер қойған. Алғашында елімізде асқазан ауруынан емделіп, одан денсаулығы әбден нашарлап кетіпті. Хал үстінде жатқан баланы жақындары Кореяға шұғыл алып кетеді. Онда лимфома дертіне шалдыққаны нақтылынады. Кішкентай актер осымен 27 апта химиялық ем-дом алып жатыр.

"Осы емнің бәрін тек қана сіздердің арқаларыңызда алып отырмыз. Көмек қолдарыңызды созып, көпті көрсе көл болады деп қазақ халқының қалай көмектесетінін көрдік. Қазір емді алып жатырмыз", - дейді Айбектің анасы Венера Оңалбаева.

Яғни емдеу шаралары әлі де жалғасады. Бұл дегеніміз оған тағы 50 мың доллар қажет деген сөз. Мұндай қаржыны қалтасы көтермейтін ата-ана қайрымды жандардан көмек сұрайды. Олар да, Айбектің өзі де "дауасыз дерттің болмайтынына" үміттеніп отыр.

Қосымша ақпаратты мына жерден алуға болады. 

"Кенже" фильмі ата-анасынан ерте айырылған ағайындылар туралы. Ауылдағы балалар үйіне орналастырылған бауырлар қалаға қашып кетеді. Арада біраз уақыт өткенде ағайындылар кісі өлтіруге тапсырыс қабылдап, табыс таба бастайды. Бас кейіпкерлер сатқындықты, түңілу мен қатыгездікті бастан өткереді.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети