Коронавирус жұқтырған актер Том Хэнкс ауруханадан шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус жұқтырған актер Том Хэнкс ауруханадан шықты

Коронавирус жұқтырған актер Том Хэнкс пен оның жары Рита Уилсон Аустралиядағы ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Fox News.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус жұқтырған актер Том Хэнкс пен оның жары Рита Уилсон Аустралиядағы ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Fox News.

Голливуд жұлдызы мен оның жары COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін бес күннен соң Квинсленд штатындағы ауруханадан шығарылды. Қазір ерлі-зайыпты жалға алынған үйде тұрып жатыр. Олар өздерін оқшаулап, үйінен әзір шықпайды. 

Актер өткен аптада Instagram желісіндегі парақшасында әйелі екеуінің вирус жұқтырғанын хабарлаған еді. 

Том Хэнкс көпшілікке "Большой", "Форест Гамп", "Спасти рядового Райана", "Изгой", "Чудо на Гудзоне" фильмдері арқылы таныс. 2016 жылы актер сол кездегі АҚШ президенті Барак Обаманың қолынан еркіндік медалін алды.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінге дейін COVID-19 жұқтырғандардың саны - 167 511. Коронавирустан 6606 адам қайтыс болған. Вирус әлемнің 151 еліне тарады. Ал Қазақстанда 13 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети