28 қыркүйек 2018 10:50

Қытайдың табысы ең жоғары актрисасы жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/fanbingbing_official © instagram/fanbingbing_official

Қытайда ең көп сұранысқа ие актриса - 37 жастағы Фань Бинбин жоғалып кетті. Ол үш айдан бері туыстарымен хабарласпаған және онлайн шықпаған, деп хабарлады RTVI.


Қытайда ең көп сұранысқа ие актриса - 37 жастағы Фань Бинбин жоғалып кетті. Ол үш айдан бері туыстарымен хабарласпаған және онлайн шықпаған, деп хабарлады RTVI.

Актриса телефонға жауап бермейді, әлеуметтік желіге шықпайды. Оның қайда және тірі ме, жоқ па екені белгісіз.

"Мұнша табынушысы, табысы, салмақты беделі бар адамның 2018 жылы, заманауи Қытайда - ашық Қытайда жоғалып кетуі, шын мәнінде бұл үлкен проблема", - деді колумнист Ши Шуси.


Фань Бинбин. © instagram/fanbingbing_official

Журналистер актрисаның жоғалып кетуіне қатысты түрлі нұсқаны айтып жатыр. Олардың кейбірі Фань Бинбин салық төлеуден жалтарып жүр десті. Оның салық төлемегені биыл жазда белгілі болған.


Актриса 50 фильмде ойнаған. Соңғы рет Бинбин көпшілік орынға 1 шілдеде шыққан, Интернетке 23 шілдеде кірген. © instagram/fanbingbing_official

Актриса Қытайдың Коммунистік партиясының мүшесі және ол тәртіпті тексеру бойынша Орталық комиссияның тергеуіне түсіп қалуы мүмкін. Бұл қызмет жасырын жұмыс істейді және өзінің түрмесі мен тергеушілері бар.

Актрисаның жоғалып кетуі АҚШ-та тұратын миллиардер Го Венгюймен байланыстырылып жатыр, ол Қытайдан қашып кеткен. Актриса екеуінің арасында байланыс бар деген мәлімет те жоқ емес.


Миллиардер Го Венгюй. © Reuters

Го Венгюй актрисаның қытай вице-президенті Ван Цишанмен жақын қарым-қатынаста екенін мәлімдеген. Алайда бұл мәлімдеме актрисаға ұнамай, ол миллиардерді сотқа берген, іс әлі де жабылған жоқ.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети