17 желтоқсан 2017 12:12

"Қыз Жібек" фильмінде Төлеген рөлін сомдаған Құман Тастанбеков дүниеден өтті

"Қыз Жібек" фильмінде Төлеген рөлін сомдаған актер Құман Тастанбеков қайтыс болды, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерт ұйымының директоры Асхат Маемиров Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Беу, дүние-ай... "Қазақтың Төлегені" - Құман Тастанбеков ағамыз бүгін мезгілсіз дүниеден өтті. Қазақ өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Құман аға шын мәніндегі xалықтың ұлы, Алаштың айтулы азаматы еді. Сондықтан xалыққа қайғырып көңіл айтамыз. Ақ боз ат мінген, ақ сөйлеп, адал күлетін, ақиық Ағаның жүрегі тоқтады. Фильмде Қызжібек " Иең қайда, ақ боз ат" деп егілетін. Өмірде де ақ боз ат иесіз қалды. Мықты болыңыз, Меруерт апа!!! Көкірегіміз шерге толып отыр. Алайда Жаратқанның бұйрығына, жазмыштың ісіне не шара бар?! Қош бол, иманың жолдас болғай Құман аға!!!", - деп жазды Асхат Маемиров.

Реклама
Реклама

Құман Тастанбеков Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының актері, Қазақ КСР  Халық әртісі. 1945 жылдың 10 наурызында Талдықорған облысы Покатиловка ауылында дүниеге келген.  1969-1970  жылдары "Қыз-Жібек" фильмінде Төлегеннің рөлін сомдады.

"Қыз Жібек" фильмінен алынған кадр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram