13 желтоқсан 2018 16:24

"Қызғалдақтар атамекені" атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында "Қызғалдақтар атамекені" атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Фильмді "Мерген" студиясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында "Қызғалдақтар атамекені" атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Фильмді "Мерген" студиясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олег Беляловтың жаңа туындысы әлемдегі ең танымал әрі сүйікті гүл - қызғалдақ туралы баяндайды. Фильм тамыры тереңге тартатын ерекше гүлге арналады.

"Тамаша фотограф Олег Беляловты кезінде режиссер болуға көндіре алғаныма қатты қуанамын. Ол үшін бұл маңызды шешім болды. Ал бүгін міне, біз оның фильмін тамашалауға жиналып отырмыз", - деді фильм басталар алдында сөз алған "Қазақфильм" киностудиясының президенті Бақыт Қайырбеков.

Сондай-ақ, Бақыт Қайырбеков режиссердің бірінші туындысы "Алтынемел" Қытайдың Тайчжоу қаласында өткен кино мен туризм саласындағы Азия өнері апталығында үздік шетел деректі фильмі аталымында алған призін табыстады. Айта кетейік, Олег Беляловты Қазақстан кинематографистер одағы ұлттық "Құлагер" премиясында үздік режиссер-документалист деп таныған болатын.

"Қанша жыл фотографиямен айналысқанмын және ол үшін ешқашан жүлде алмаған едім. Ал бүгін бұл жүлдені алып отырғаныма қатты қуаныштымын", - деді режиссер Олег Белялов. 

"Қызғалдақтар атамекені" фильмінің түсірілімдері Алматы, Жамбыл, Түркістан және Орталық Қазақстан облыстарында жүрзілген. Сонымен қатар, режиссердің айтуынша, фильмде архивтік материалдар қолданылған.

"Көпшілік қызғалдақты Голландиямен байланыстырады. Алайда, бұл гүлдің отаны - Қазақстан. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында қызғалдақ тақырыбын қозғағаны мені қуантып отыр. Өйткені, бұл гүлдер біздің мұрамыз, мақтанышымыз, брендіміз. Оларды қадірлеп, қорғауымыз керек", - деді фильмнің ғылыми кеңесшісі Анна Иващенко. 


Фильмнің соңынан көрермендер толассыз қол шапалақтап, фильм жайлы пікірлерін ортаға салды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети