01 қыркүйек 2015 13:09

Мәдениет министрі Интернеттегі даулы аудиожазбаға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Интернеттегі даулы аудиожазбаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Интернеттегі даулы аудиожазбаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме "Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы" деген атаумен жарияланған атышулы аудиожазба жөнінде, ол өткен аптада YouTube желісінде пайда болып, қызу талқыға түсті. Әңгіме барысында "Қазақфильм" киностудиясының картиналарын қаржыландыруға байланысты мәселелер талқыланды.

"Ол жерде ашық әңгіме болды: процесс қайда, қай жерде. Бізге ең бастысы - үдерісті алға жүргізу керек болды. Өздеріңіз білесіздер, ақпарат құралдарында бөлінген ақшаның жұмсалып кеткені, ал фильмнің тоқтап қалғаны айтылды. Бірақ шын мәнінде, өздеріңіз сол әңгімеден куәгер болғандай, ол ақша кешіктірілген. Мен керісінше, техникалық кешігулер болмасын деп, оның себебін анықтадым. Біз ол мәселені шештік. Қазір ол фильм процесін жалғастырып жатыр. (...) Сондықтан бұл бәріміз тағатсыздана күтіп жүрген қызықты жоба болады деп үміттенемін", - деп мәлімдеді Мұхамедиұлы Астанада өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында, ол жиынға Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы да қатысты.

Сонымен қатар, ведомство басшысы журналистермен әңгімелесу барысында режиссерлердің түсірілімге өз туыстарын тартуын құптамайтынын айтты. "Сондықтан театр қызметі бойынша заңды қорғаған кезде мен сөз сөйледім, "бірінші басшы болсаң (әңгіме фильмнің Бас режиссері жөнінде - Авт.) әрине, басты рөлде сүйікті жарың, сүйікті балаларың ойнайды. Сондықтан мен ашық айттым, бұл үрдісті тоқтату керек. Егер адам расында да талантты болса, мархаббат. Ал тіреуішім бар екен деп, өз жақындарын түсіретіндерді мен мүлде қолдамаймын", - деді Мұхамедиұлы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети