29 сәуір 2014 20:41

"Марко Поло" фильмінің түсірілімі Қазақстан аймағында өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильмнің продюссері - Харви Вайнштейн. Фото cinematicfilmblog.com сайтынан Фильмнің продюссері - Харви Вайнштейн. Фото cinematicfilmblog.com сайтынан

"Марко Поло" туралы хикаяның түсірілімдері Қазақстан аймағында өтеді, - деп жазады Hollywood reporter журналы.


"Марко Поло" туралы хикаяның түсірілімдері Қазақстан аймағында өтеді, - деп жазады Hollywood reporter журналы.

10 сериялы драманы шығаруға  Netflix телеарнасы жұмыс істеп жатыр. Фильмнің түсірілімі Қазақстаннан бөлек Италия және Малайзия аймағында өтеді. Қазірше бұл жобаға Қазақстан тарапынан кімнің қатысы бары және түсірілім қайда өтетіні айтылмада.

Картинаның оқиға желісі ХІІІ ғасырда Қытай аймағында бүкіл әлем лас саясаттан жалығып, атыс-шабыс үдеп және зинақорлық жайлап кеткен кезеңнен басталады. Сценарий авторы - Джон Фуско. Қолдағы бар мәліметтерге қарағанда, Марко Полоның рөлін жас актер Лоренцо Рикельми ойнайды. 

"Бұл күндері телекөрермендердің талғамы өсіп келеді. Біз бұл фильмді зор мақтанышпен таныстырып, оның біздің  өзге де жобаларымыздан кем болмайтындығына сенімдіміз. Марко Поло туралы адамдар көп естіген. Бірақ оның тарихын көпшілігі біле бермейді. Сондықтан да оны бүкіл әлемге көрсететінімізге қуаныштымыз. Фильмді бүкіл әлем бойынша түсіреміз", - дейді лентаның продюссері Харви Вайнштейн. 

Айта кетейік, "Марко Поло" жобасы экранға шығуға көптеген қиындықтармен жетті. Ең алғаш рет шығарушылар бұл жоба 2012 жылдың қаңтар айында жарияланады деген болатын. Енді фильмнің жарыққа шығуын 2014 жылдың соңына жоспарлап отыр. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети