17 наурыз 2017 | 19:07

Мұхамедиұлы: "Сұлу мен Құбыжық" фильмін балаларыма көрсетпейтін едім

ПОДЕЛИТЬСЯ

Disney киностудиясының жаңа "Сұлу мен Құбыжық" атты фильмін жас ерекшелігі рейтингі бойынша көрсету туралы шешімді сарапшылар кеңесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен тәуелсіз түрде қабылдайды, алайда министр Арыстанбек Мұхамедиұлы өз балаларына бұл фильмді көрсетпейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Disney киностудиясының жаңа "Сұлу мен Құбыжық" атты фильмін жас ерекшелігі рейтингі бойынша көрсету туралы шешімді сарапшылар кеңесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен тәуелсіз түрде қабылдайды, алайда министр Арыстанбек Мұхамедиұлы өз балаларына бұл фильмді көрсетпейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз сарапшылар кеңесін құрдық, оған Кинопрокатшылар ассоциациясының өкілі Бауыржан Шүкенов, "Меломан" басшысы, танымал режиссерлер және тәуелсіз сарапшылар кірді. Олар Алматыдағы "Қазақфильм" базасында болады. Біз бұған, әрине, жауап береміз, бірақ прокатқа фильмді жіберу туралы шешімді министрлік қызметкерлері шешпейді, себебі біз сарапшы болсақ та, фильмнің прокатқа жарау-жарамауын шешсек, дұрыс болмайтын еді", - деп пікір білдірді фильмнің премьерасының кешігуіне қатысты сұраққа жауап берген Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Осыдан кейін министр бұл фильмді тіпті балаларына көрсетпейтінін айтты. 

"Мен дәстүрді біліп өскен адаммын, виолончельде ойнаймын, классикалық фильмдерді көремін, классикалық әдебиетті оқимын, балаларымды басқа туындылармен тәрбиелеймін. Басқалары да бар, мәселен Disney киностудиясының жақсы фильмдері бар. Күмән болса, тәуекелге бел буудың қажеті не? Әр ата-ананың өз көзқарасы бар, бірақ мен классикалық дәстүрмен өстім", - деді министр.

Айтуынша, фильмнің прокатқа шығу-шықпауы жайлы шешім таяу күндері жасалады.

"Бұл өте күрделі мәселе, мұнда шығатын уақыты маңызды емес, екі күннің арысы не, берісі не. Шын мәнінде, маңыздысы - бұл фильмнің балалардың психикасына зақым келтірмеуі. Кеңес 16+ немесе 18+ деген рейтингті белгілесе, (мұны осы саладағы сарапшылар анықтай алады) сол шешімнің негізінде прокатқа куәлік береміз", - деді ол.

Еске салайық, Disney студиясының "Сұлу мен Құбыжық" атты фильмі қазақстандық прокатқа әлі шыққан жоқ. Наурыздың басында ресейлік БАҚ-тар мюзиклде гомосексуалист кейіпкер пайда болады деп хабарлаған. Бұл фильмнің Disney киностудиясының гомосексуалистердің қатынасын көрсететін тұңғыш фильмі екені де айтылды. Кейін "Меломан" компаниясындағылар "Сұлу мен Құбыжық" фильмі неліктен қазақстандық прокатқа шықпай жатқанын түсіндірген еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети