19 сәуір 2021 14:22

"Наруто" аниме-сериалының режиссері қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйгілі жапон аниматоры, иллюстратор, "Наруто" аниме-сериалының режиссері Осаму Кобаяси 58 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Unilad басылымына сілтеме жасап.


Әйгілі жапон аниматоры, иллюстратор, "Наруто" аниме-сериалының режиссері Осаму Кобаяси 58 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Unilad басылымына сілтеме жасап.

Режиссер жұмада бүйрек қатерлі ісігінен қайтыс болды. Бұл туралы Осамудың Twitter-дегі парақшасында белгілі болды. Оның жанкүйерлері Желіде жаппай көңіл айтып жатыр.

"Кеше кешке мен жұмаққа ұшып кеттім. Мен бүйрек қатерлі ісігімен екі жыл бойы күрестім, бірақ, өкінішке қарай, жеңе алмадым. Әлі де істегім келген нәрселер мен аяқталмаған жұмыстарым қалғаны өкінішті. Қош болыңдар", - делінген жазбада.

Осаму Кобаяси BECK сериалдарының: Mongolian Chop Squad ("Бек"), "Наруто: Ураганные хроника", "Ателье Paradise Kiss" және Someday's Dreamers: Summer Skies жобаларын жүзеге асыруға қатысқан режиссер ретінде танымал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети