Нұрлан Сабуров тойларда өнер көрсетуді не себепті ұнатпайтынын айтты

17 Қараша 2017, 09:33
0
Нұрлан Сабуров тойларда өнер көрсетуді не себепті ұнатпайтынын айтты - © youtube/ALIBEKOVKZ
© youtube/ALIBEKOVKZ

ТНТ телеарнасындағы StandUp жобасының қатысушысы Нұрлан Сабуров қазақстандық кәсіпкер әрі блогер Бейбіт Әлібековке сұхбат берді. Сұхбаттың видеосы блогердің YouTube хостингіндегі арнасында жарияланды.

Жақында Нұрлан "Брат или Брак" фильмінің премьерасы аясында Алматыға келген болатын.

Қазақстандық актер сұхбатында өзінің сүйікті қаласы жайлы, неліктен Instagram парақшасын ашқысы келмейтінін, өздерінің "жұлдыздарын" мойындамайтын, бірақ шетелде жетістіктерге жетіп жатқандарды мақтан тұтатын қазақстандықтар жайлы не ойлайтынын және неге тойларға шықпайтыны туралы айтып берді.

Оның айтуынша, тойларда мүлде басқа атмосфера.

"Онда адамдар тойға келіп отыр. Келген қонақтар әртістерді дұрыс естімей қалады. Мұндай жағдайда өнер көрсету қиындау", - деп түсіндірді Нұрлан Сабуров.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай